ART UNION жастарының ұйымдастыруымен Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған факультетаралық конкурс өтті.
Байқауда гуманитарлық-экономикалық, жаратылыстану-математика , инженерлік-технологиялық және филология факультеттерінің студенттері үнді, өзбек, грузин және орыс мәдениеттерінің ерекшеліктерін танытты.
Байқау 3 кезеңге бөлінді:
1 кезең – Өз ұлтын таныстыру;
2 кезең – Ұлттық тағамдар;
3 кезең – Шығармашылық кезең
Шара университет студенттерінің түрлі музыкалық және би қойылымдарымен сүйемелденді.
Шақырылған қонақтар арасында құрылымдық бөлім басшылары мен студенттер және Әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор м.а. Берікхан Иісбекұлы болды.
"️Барлық қатысушылар берілген тапсырмаларды толық орындап, көрермендердің ықыласына бөленді", — дейді ұйымдастырушы тарап.
Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған байқаудың қатысушыларына алғыс хаттар табысталды.
Іс-шара барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай ұйымдастырылды.