28 тамыз 2024

"ЖОО психологиялық қызмет жұмысындағы харассменттің алдын алу" семинар

28 тамыз 2024 жылы Shakarim University Student Support Center басшысы профессор Ш. Сатиева "Қауіпсіз орта" үйлестіру кеңесі ұйымдастырған "ЖОО психологиялық қызмет  жұмысындағы харассменттің алдын алу" тақырыбындағы семинарға қатысты. Семинардың мақсаты: 1) харассмент превенциясы саласындағы өзекті қиындықтарды талқылау. 2) мамандар арасында тәжірибе және практикалық әзірлемелер алмасу үшін кеңістік құру. 3) харассменттің алдын алу хаттамаларына байланысты психолог жұмысының этикалық аспектілерін талқылау. Сондай-ақ, семинар барысында негізгі құқықтық және ұйымдастырушылық ұсыныстар, осы тақырып бойынша кейстерді талдау талқыланды.