Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі29 наурыз 2024сотрудничество, меморандум, академия

ҚАЗАН ФЕДЕРАЛДЫ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН SHAKARIM UNIVERSITY ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЯСЫН КЕҢЕЙТТІ

Былтыр Абай өңірінің халықаралық ынтымақтастық саласында маңызды оқиға болды. Облыс әкімі Н.Ұранхаев бастаған делегация өкілдері сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Татарстан Республикасына жұмыс сапарымен барып қайтты.
Екі ел арасындағы сапардың нәтижесінде бүгін Қазақстан мен Ресей ЖОО ректорларының «Жоғары білім мен ғылымның өзекті тенденциялары» екінші форумы аясында Қазан федералды университеті мен Shakarim University өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.
Басты мақсат – халықаралық ынтымақтастықты дамыту және университеттер арасындағы байланысты нығайту. Келісім арқылы қос университет бірлескен академиялық, ғылыми-зерттеу және білім беру бағдарламаларының алмасуына жаңа перспективалар ашуды көздейді.
Мұндай келісімдер көкжиекті кеңейтіп, білім беру ортасын байытады, сондай-ақ екі ел арасындағы достық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.