Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі31 қаңтар 2024психологиялық тренинг, психологический тренинг

SHAKARIM UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін Шәкәрім Университетінің Психологиялық қызметі "Психология" кафедрасымен бірлесіп "Күйзелісті басқару. Менің оқуға қажетті ресурстарым" тақырыбында Гуманитарлық-экономика факультетінің 1-курс студенттеріне психологиялық тренинг өткізді.

 

Тренингтің негізгі мақсаты күйзеліс психологиясының негіздерімен теориялық тұрғыдан танысу ғана емес, сонымен қатар күйзелісті басқару тәсілдерін қалыптастыру, эмоционалдық интеллектіні дамыту болып табылады. Сондай-ақ стресстік жағдайда өзін-өзі реттеудің және өзін-өзі қалпына келтірудің тиімді әдістерін меңгеру және өзінің эмоционалдық жағдайын басқару болды.

 

Іс-шараға қатысқан студенттер техникаларды орындау барысында белсенділік танытты. Көкейінде жүрген сұрақтарына тұшымды да,толық жауап ала алды. Тренинг соңында студенттер іс-шара туралы өз әсерлермен бөлісіп, күйзелістен шығу жолдарын табу қабілетінің маңыздылығын атап өтті.