Бүгін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Шәкәрім университетінің 90 жылдық мерейтойына орай білім ордасының бүгінгі тынысымен танысты. Әкім заманауи зертханалар мен ғылыми орталықтарды аралап, университеттің ғылыми-техникалық базасына ерекше қызығушылық танытты.
Сапар барысында әкім университетте жүзеге асырылып жатқан бірқатар ғылыми жобалар мен жетістіктерді көрді. Нұрлан Телманұлы алдымен «Радиоэкологиялық зерттеулер» ғылыми орталығында...
Shakarim University KAZ Minerals компаниясының өкілдері жоғары курс студенттері мен түлектері үшін қонақ дәріс өткізді.
KAZ Minerals – Қазақстан мен Қырғызстандағы мыс өндіретін ірі компаниялардың бірі. Қазақстанда "Ақтоғай" Абай облысындағы және "Бозшакөл" Павлодар облысындағы ашық үлгідегі мыс кеніштерінде қызметтерiн жүзеге асырады. Шығыс Қазақстандағы үш жерасты кеніштері мен үш байыту фабрикаларында...
Shakarim University-де 90 жылдық мерейтой аясындағы іс-шаралар әлі де жалғасуда. Бүгін Ветеринария және ауыл шаруашылығы зерттеу мектебінде «Табысты тұлғаның дәрісі» айдарымен кезекті ашық дәріс өтті. Дәріске Ветеринария және ауыл шаруашылығы зерттеу мектебінің білім алушылары мен оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.
Дәрісті «Ядролық технологиялар паркі» АҚ Басқарма төрағасы, биология ғылымдарының докторы ,...