Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі31 шілде 2024студент

"Екі шет тілі" мамандығының 2 курс студенті Айша Мұрат: Бүгінгі таңда тілдерді үйрену – болашаққа жасаған инвестиция

 

«Мамандық және оқу орнын таңдау жолында көп ойландым. Бір білгенім, менің мамандығым тілге байланысты болуы керек, себебі дәл  шет тілі саласына  менің қызығушылығым көп болатын. Ата-анам мамандық пен университет таңдауды өз еркіме берді. Оқып жүргеніме бір жыл болды.  Маған оқытушылар құрамы да, білім беру деңгейі де ұнайды.

 

Бүгінгі жаһандану дәуірінде, шет тілдерін меңгеру рөлі күннен-күнге артып келеді. Көп тілділік – бұл тек білім алу немесе жұмысқа орналасу үшін қажеттілігі ғана емес, сонымен қатар мәдениетаралық қарым-қатынастарды нығайту, әлемді түсіну және достық қарым-қатынастарды орнату мүмкіндігі.

Екі шет тілі мамандығы болашақта жастардың кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтумен қатар, жеке дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.

 

Қазіргі уақытта тілдерді үйрену – болашаққа жасаған инвестиция. Тілдің шекарасын ашу арқылы біз әлемді жаңа қырынан көріп, тереңірек түсінуге мүмкіндік аламыз. Сөз жоқ, екі шет тілі мамандығының артықшылықтары әрбір адам үшін маңызды құндылық болып табылады.

Сөз соңында, SHAKARIM UNIVERSITY-де шынымен де барлық армандар жүзеге асады дегім келеді.»,- дейді  2 курс студенті Айша Мұрат.