07 ақпан 2025

МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ "КІМ КІНӘЛІ?" ШЫҒАРМАСЫН ТАЛДАУ

ҚҰРМЕТТІ ӘДЕБИЕТ СҮЙЕР ҚАУЫМ!

Қазақ әдебиетінің қайталанбас тұлғасы Мұхтар Әуезовтің «Кім кінәлі?» шығармасы сізді бей-жай қалдырмайтыны анық.

Бұл туынды – терең психологиялық иірімдерге толы, жан дүниені тебірентетін сұрақтар қоятын шығарма.

Біз бұл кеште:

• Өмірдің әділетсіз сынақтары мен адамның ішкі арпалысын;

• Кейіпкерлердің жан дүниесіндегі қарама-қайшылықтарды;

• Әуезовтің қаламынан туған шынайы трагедияның қоғаммен байланысын талдап, бірге ой толғаймыз.

Бұл кеш сізге не береді?

✔ Терең әдеби талдау

✔ Ой бөлісу, пікір алмасу

✔ Қазақ әдебиетінің жауһарларына деген сүйіспеншілігіңізді арттыру

📖 Талдауға арналған шығарма: Мұхтар Әуезов – “Кім кінәлі?”

📅 Өтетін күні: 8 ақпан 2025 ж.

⏰ Басталу уақыты: 15:00

📍 Өтетін орны: “Жасstar" Co-working

Егер сіз шығарманың астарындағы нағыз шындықты ашқыңыз келсе, оқырмандар клубының кезекті кездесуін өткізіп алмаңыз! Келіңіз, бірге талдайық, бірге ойланайық!