20 ақпан 2025

ШӘКӘРІМ МЕКТЕБІНЕ (Shakarim High School) ШАҚЫРАМЫЗ!

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ жанындағы

Shakarim High School мектебіне құжат қабылдау басталды.

Мекен жайы: Семей қаласы, Глинка көшесі, 20А, бірінші қабат

Эл. почта: shakarim_highschool@shakarim.kz

Instagram: @shakarim.highschoo

Байланыс телефоны: 8777-271-77-01

Мектеп бағыты: математикалық-жаратылыстану және қоғамдық-гуманитарлық

 

Құрметті ата-аналар! «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ жанындағы Shakarim High School мектебіне 2025-2026 оқу жылына 10-11 сынып оқушыларын қабылдайтынын хабарлаймыз. Қабылдау емтиханына ҚҰЖАТТАРДЫ ТІРКЕУ  01.02.2025-20.04.2025 аралығында жүргізіледі.

 

Қабылдау емтиханы жайлы толық ақпаратты сілтемеден көре аласыз!

 

Мектеп миссиясы: Ақпараттық және көпмәдениетті қоғамды дамытуға үлес қосатын, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік ауқымда ойлайтын көптілді тұлға қалыптастыру.

 

 

 «Shakarim High School» мектебі ұсынады:

- 10-11 сыныптарды ҰБТ-ға дайындау;

- диаспора өкілдерімен қытай, кәріс, түрік тілдерін оқыту;

- халықаралық IELTS емтиханына дайындау;

- ағылшын тілінде шетелдік мұғаліммен Speaking club;

- химия, биология, физика пәндерінен Университеттің жоғары мектептерімен бірлесе отырып профессорлық-оқытушылық құрамның тәжірибелік-лабораториялық сабақтарын ұйымдастыру;

- Университеттің тарих, филология, информатика  жоғары мектептерінің білікті мамандарының дәрістерін ұйымдастыру;

-Университеттің кәсіби бағдарлау орталығымен бірлесе отырып, кездесулер ұйымдастыру;

-«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде барлық іс-шараларды ұйымдастыру;

-Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен апта сайын пәндік-зияткерлік ойындар өткізу.