Лауазымдық бос орынға конкурс жариялау 19.08.2023
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы лауазымдық бос орындарға конкурс жариялайды:
Ветеринария кафедрасына Science professor 1 бірлік
Ауыл шаруашылығы және биоресурстар кафедрасына Science professor 1 бірлік
Тарих және құқық кафедрасына Science professor 1 бірлік
Қазақ филологиясы және журналистика кафедрасына Science professor 1 бірлік
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- ғылым докторы/ кандидаты, PhD ғылыми дәрежесінің болуы;
-ағымдағы кезеңге гранттық, бағдарламалық-нысаналы, шаруашылық шарттық қаржыландырудың бір немесе одан да көп ғылыми жобасына басшылық /бірлескен басшылық /қатысу.
Қызметкерлерге арналған ғылыми жобаға басшылық/бірлескен басшылық университет атынан іске асырылған жағдайда есептелуі мүмкін.
Жаратылыстану ғылымдары, инжиниринг және технологиялар, медицина және денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары салалары үшін: -Web of Science ақпараттық базасының деректері бойынша 1 (бірінші), 2 (екінші), 3 (үшінші) квартильге кіретін журналдарда немесе соңғы 3 жылда Scopus базасы бойынша citescore бойынша кемінде 35 процентилі бар журналдарда кемінде 5 (бес) жарияланымның болуы; - дәйексөз индексі-соңғы 5 жылдағы Хирш индексі (өзін-өзі дәйексөздеуді есепке алмағанда) кемінде 4 (төрт) болуы.
Әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар және өнер салалары үшін: - Web of Science ақпараттық базасының деректері бойынша 1 (бірінші), 2 (екінші), 3 (үшінші) квартильге кіретін журналдарда немесе Scopus базасы бойынша citescore бойынша кемінде 35 процентилі бар журналдарда кемінде 3 (үш) мақаланың және (немесе) шолулардың болуы, соңғы 3 жылда; - дәйексөз индексі-соңғы 5 жылдағы Хирш индексі (өзіндік дәйексөзді есепке алмағанда) кемінде 3 (үш) болуы.
Қосымша талап: 45 жасқа дейін.
Педагогика және психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доценті) 2 бірлік
Экономика және қаржы кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доценті) 1 бірлік
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағының, ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 5 жыл болуы
Ветеринария кафедрасының аға оқытушысы 1 бірлік
Автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және қала құрылысы кафедрасының
аға оқытушысы 2 бірлік
Химиялық технология және экология кафедрасының аға оқытушысы 3 бірлік
Жаратылыстану пәндері кафедрасының аға оқытушысы 3 бірлік
Физика-математика ғылымдары және информатика кафедрасының оқытушысы 4 бірлік
Дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы 1 бірлік
Шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы 3 бірлік
Қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының аға оқытушысы 2 бірлік
Музыка және өнер кафедрасының аға оқытушысы 3 бірлік
Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы 3 бірлік
Тарих және құқық кафедрасының аға оқытушысы 3 бірлік
Біліктілікке қойылатын талаптар: "ғылым кандидаты" және (немесе) "ғылым докторы" ғылыми дәрежесі, немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор", дәрежесі, немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі, немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі, және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)", немесе "профессор" (бар болған жағдайда).
Ветеринария кафедрасының оқытушысы 1 бірлік
Ауыл шаруашылығы және биоресурстар кафедрасының оқытушысы 3 бірлік
Автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және қала құрылысы 8 бірлік
Техникалық физика және жылу энергетикасы кафедрасының оқытушысы 1 бірлік
Химиялық технология және экология кафедрасының оқытушысы 2 бірлік
Жаратылыстану пәндері кафедрасының оқытушысы 4 бірлік
Физика-математика ғылымдары және информатика кафедрасының оқытушысы 4 бірлік
Дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушысы 2 бірлік
Шет тілдері кафедрасының оқытушысы 7 бірлік
Тарих және құқық кафедрасының оқытушысы 2 бірлік
Музыка және өнер кафедрасының оқытушысы 5 бірлік
Біліктілікке қойылатын талаптар: қызмет бейіні бойынша жоғары білім (магистр академиялық дәрежесі бар) немесе мамандық, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
Дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушы-жаттықтырушысы 6 бірлік
Біліктілікке қойылатын талаптар: "спорт шеберіне кандидат" немесе "Қазақстан Республикасының спорт шебері" немесе "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" немесе "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" спорттық атақтары бар "дене шынықтыру және спорт"ББ мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар кадрларын даярлау бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе бейін бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
- конкурсқа қатысуға өтініш;
- кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;
- өмірбаян;
- жеке куәлік көшірмесі;
- жоғары білім, академиялық және ғылыми дәреже, ғылыми атағы туралы (бар болса) дипломдардың көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқалары);
- қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса);
- жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- соңғы 3 (үш) жылдағы ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса);
- соңғы жұмыс орнынан мінездеме;
- №075-у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;
- тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Құқықтық статистика комитеті беретін есептер және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының арнайы есептері бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
-Science professor үшін қосымша: соңғы 3 жылда іске асырылған /іске асырылып жатқан ғылыми жобалар мен жарияланымдардың тізімі.
Өтініштерді беру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мына мекен-жайға тапсыру қажет: 071412, Абай облысы, Семей қ., Глинка к-сі 20А, 307 каб (персоналды басқару және құжат айналымы бөлімі) анықтама телефоны: 8 (7222) 31-31-72, 87079931301
- Соңғы хабарландырулар
-
«ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ШЕТЕЛ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПЕДАГОГТАРЫ АРАСЫНДА ҒЫЛЫМДАҒЫ ЖӘНЕ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ЦИФРЛЫҚ КОЛЛОБАРАЦИЯНЫ ОРНАТУ ЖОЛДАРЫН ҚАРАСТЫРУ» Халықаралық конференциясы
24-09-2024
-
Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмай, үздік, дарынды оқушылардың қатарында білім алыңыз!
21-08-2024
-
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырмасы бойынша, Шәкәрім Университетін құжат тапсыруға келген, қалада тұрғылықты мекен-жайы жоқ уақытша тұруға мұқтаж талапкерлерге арналған ахуалдық орталық жұмыс жасайды.
12-08-2024
-
Құрметті оқырмандар! Қымбатты талапкерлер! Қадірлі ата-аналар!
11-08-2024
-
Shakarim University жаңа форматтағы мамандарды күтуде!
20-07-2024
-
«В005 - Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалары тобы бойынша «Мамандану бойынша нормативтер» шығармашылық емтиханының натижелері
10-07-2024