
Шәкәрім университеті «Green Transportation Initiatives» акциясына шақырады!
Құрметті қызметкерлер, оқытушылар және білім алушылар!
Шәкәрім университеті экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жасыл болашаққа үлес қосу мақсатында 19 қыркүйек күні «Green Transportation Initiatives» бір күндік акциясын ұйымдастырады.
Іс-шараның мақсаты – «Таза Қазақстан» акциясы аясында университетіміздің қызметкерлері мен білім алушылары экологияға үлес қосып, зиянды шығындарды азайтуға бағытталған бір күндік акцияны жүзеге асыру.
Акция аясындағы бағыттар:
Велосипедпен жүруді насихаттау;
Жаяу жүру мәдениетін дамыту және белсенді өмір сүру салтын ұстану;
Қоғамдық көлікті тиімді пайдалану мәдениетін арттыру;
Бұл бастама экологиялық жағдайды жақсартумен қатар, салауатты өмір салтын қалыптастыруға септігін тигізеді.
Шәкәрім университеті баршаңызды табиғатты аялауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға, таза әрі жасыл болашаққа үлес қосуға шақырады!
- Соңғы хабарландырулар
-
Шәкәрім университеті «Green Transportation Initiatives» акциясына шақырады!
16-09-2025
-
«YESSENOV LAUNCH PAD-2025» БАЙҚАУЫ!
15-09-2025
-
Педагогикалық қайта даярлау курстары
15-09-2025
-
Эрасмус+ бағдарламасының грантын жеңдік!
04-09-2025
-
«Tech Orda» арқылы ІТ саласына қадам басыңыз!
25-08-2025
-
Стартап-жобалар байқауында бағыңызды сынап көріңіз!
18-08-2025