
«Shakarim Start-up 2024» стартап-жобалар байқауы
Құрметті университет білім алушылары мен қызметкерлері!
«Shakarim Start-up 2024» стартап-жобалар конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау жарияланады.
Байқауға бакалавриат, магистратура және докторантура білім алушылары, сондай-ақ университет қызметкерлері мен оқытушылары қатыса алады.
Егер Сіз жас, жігерлі, креативті болсаңыз, инновациялық идеяңыз болса немесе іске асыруға дайын бизнес-жобаңыз болса, Сіздерді конкурсқа қатысуға шақырамыз! Онда Сіз өзіңіздің кәсіпкерлік қабілеттеріңізді көрсете аласыз, менторлардан қолдау ала аласыз, өз бизнесіңізді нақты жағдайда құруды үйренесіз.
Байқау жеңімпаздары өз идеяларын жүзеге асыру үшін университеттен қаржыландыру алады.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 25 қараша-6 желтоқсан 2024 ж.
Барлық сұрақтар бойынша: Инновацияларды дамыту орталығы, университеттің бас ғимараты, Глинка к-сі, 20а, 124 кабинет
- Соңғы хабарландырулар
-
Шәкәрім университеті «Green Transportation Initiatives» акциясына шақырады!
16-09-2025
-
«YESSENOV LAUNCH PAD-2025» БАЙҚАУЫ!
15-09-2025
-
Педагогикалық қайта даярлау курстары
15-09-2025
-
Эрасмус+ бағдарламасының грантын жеңдік!
04-09-2025
-
«Tech Orda» арқылы ІТ саласына қадам басыңыз!
25-08-2025
-
Стартап-жобалар байқауында бағыңызды сынап көріңіз!
18-08-2025