19 қазан 2024

СТУДЕНТТІК ПАРЛАМЕНТ СПИКЕРІН САЙЛАУ

Студенттік парламент – студенттік өзін-өзі басқарудың бірыңғай органы ретінде студенттердің мәселелерін шешуге, студент жастардың бастамаларын қолдауға және әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған қоғамдық қызмет формасы. Университет қабырғасында студенттік өзін-өзі басқару жұмысын толыққанды ұйымдастыру үшін парламент спикерін сайлау қажет.

Сайлаудың өтетін күні: 21 қазан

Сайлау уақыты - 9:00 - 18:00

Студенттік Парламент Спикеріне үміткерлер:

Елубаев Нұрасыл Қапанұлы - Бизнес жоғары мектебі;

Сейсенова Инабат Жұманқызы - Физика-химия ғылымдарының зерттеу мектебі;

Ғабдығалымова Ажар Қайратқызы - Жасанды интеллект және құрылыс жоғары мектебі;

Есенбек Ахмет Қуанышбекұлы - Физика математика ғылымдарының жоғары мектебі.

 

Сайлау - «Platonus» жүйесі арқылы өтеді.