Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі26 наурыз 2025тұңғыш техникалық сарапшы

Қазақстандағы CNAS сертификаты бар тұңғыш техникалық сарапшы – Shakarim University-де

Shakarim University ұлттық білім, ғылым және өндіріс жүйесіне озық халықаралық стандарттарды енгізуге қабілетті әлемдік сертификаттау қауымдастығының ресми өкілі бар Қазақстанның алғашқы жоғары оқу орны атанды.

Стратегиялық серпіліс университетке сертификаттаудың, ғылыми зерттеулердің және озық технологиялардың жаһандық нарықтарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 

Шәкәрім университетінің интернационалдандыру  және инновациялар жөніндегі проректоры Ерасыл Дулатбай - CNAS (China national Accreditation Service – Қытай ұлттық аккредитация қызметі) техникалық сарапшысы мәртебесін ресми түрде алған Қазақстандағы тұңғыш және әзірге жалғыз маман. Бұл мәртебе бүгін CNAS сертификациялау және стандарттау орталығында, Қытайдың ірі аграрлық университеттерінің бірі – Northwest A&F University базасында берілді.

 

Әлемдік деңгейдегі CNAS техникалық сарапшысы болу  нені білдіреді?

 

CNAS сарапшысы мәртебесі – халықаралық аренада сертификаттау және аккредиттеу саласындағы ең жоғары дәреже. CNAS – Қытайдағы заңды күші бар жалғыз үшінші тарапты аккредиттеу органы. Оның аккредиттелген зертханалары мен сертификаттау органдары халықаралық деңгейде танылған, бұл сынақ нәтижелері мен сертификаттау есептерін бүкіл әлем бойынша беделді және сенімді етеді. Бұл әлемдік нарықтағы өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және сауда кедергілерін жоюға ықпал жасайды.

 

Ерасыл Дулатбай – енді әлемдік сапа мен сәйкестік стандарттарын айқындайтын және әзірлейтін жаһандық сарапшылар қауымдастығының  мүшесі.

 

Аталған мәртебе төмендегідей салаларда үлкен  өкілеттік  береді:

 

халықаралық аудит жүргізіп, кәсіпорындарды, зертханаларды, ғылыми және өндірістік орталықтарды сертификаттау;

өнімдердің әлемдік сапа стандарттарына сәйкестігі туралы шешім қабылдау (бұл Қазақстан өнімдерінің жаһандық нарыққа шығуы үшін өте маңызды);

сертификаттау стандарттары мен ережелерін әзірлеу; органикалық ауыл шаруашылығы және тұрақты даму үшін жаңа нормативтерді жасауға қатысу;

халықаралық зерттеу орталықтарымен, трансұлттық корпорациялармен, инвестициялық қорлармен ынтымақтастық;

университетке және Қазақстанға инвестициялар тарту (сертификатталған сарапшы мәртебесі арқылы университет халықаралық гранттық бағдарламаларға қатыса алады, ғылым мен білім беруді дамытуға қаржы тартуға мүмкіндік береді);

жаңа инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу (Shakarim University бұл мәртебе арқылы курстар мен тағылымдамалар әзірлеуде әлемдік деңгейдегі студенттер мен зерттеушілерді тарта алады);

мемлекеттің және бизнестің сұранысына сай тәжірибеге бағдарланған зерттеулерді дамыту, нәтижелерін тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, экологиялық бақылау, логистика және өндірісте қолдану.

 

Shakarim University-ге әлемдік деңгейдегі университеттермен, ғылыми орталықтармен және өндірістік корпорациялармен стратегиялық әріптестік орнатуға жаңа мүмкіндіктер туып отыр. Университет Қазақстанда халықаралық сертификаттау, кадрларды даярлау және әлемдік деңгейдегі технологияларды дамыту бойынша аймақтық хабқа айналу үшін ерекше мүмкіндікке ие.

 

Shakarim University ректоры Думан Орынбековтың айтуынша, CNAS сарапшысы мәртебесі Ерасыл Дулатбайдың кәсібилігін ғана емес, университеттің халықаралық ғылыми және білім беру саласындағы стратегиялық орнын да айқындайды. Бұл қадам университеттің беделін арттырып, оның мүмкіндіктерін кеңейтеді және әлемдік ғылыми-білім беру және экономикалық кеңістікте жұмыс істей алатын мамандарды даярлаудың берік негізін қалайды.

 

Shakarim University интернационалдандыру және инновациялар жөніндегі проректор Ерасыл Дулатбайдың жетістіктерін мақтан тұтады.