НАУРЫЗ – ЖАҢАРУ, ЖАҢҒЫРУ МЕРЕКЕСІ
Құрметті әріптестер, құрметті студенттер қауымы!
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі – жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс-берекенің арқауы, тек адамзаттың ғана емес, табиғаттың да жаңарып, бойы түзейтін керемет бір кербез шағы.
Егер табиғат өз заңдылықтары бойынша жаңарса, қоғам мұны адамдар арқылы, олардың ойлары, іс-әрекеттері, шешімдері арқылы жүзеге асырады.
Символикалық түрде айтсақ, дәл Наурыз мерекесі қарсаңында өткен Ұлттық құрылтайдаелдің дамуына қатысты маңызды мәселелер талқыланды.
Төртінші құрылтайдың аса бір ерекшелігі болған жоқ. Алдағы жылдарға арналған стратегиялық бағыттар оның тиімділігін тағы да дәлелдеді.
Бүгінгі таңда Қазақстан өзгеріп жатыр. Ел алдында жаңа білім мен білікті мамандарды қажет ететін сын тұр.
Shakarim University – жаңаруға бет алған жоғары оқу орындарының бірі. Бұл тек инфрақұрылымның, цифрландырудың, ғылыми зерттеулердің өзгерісі ғана емес, сонымен қатар ойлау, білім беру моделі, ынта-жігердің де өзгерісі.
Қазақстан ядролық энергетика, жоғары технологиялар, алдыңғы қатарлы ғылым бағытына қадам басу үстінде. Университет осыған үрдіске сай мамандар даярлап жатыр, олар ертең атом электр станциялары мен ғылыми орталықтарда, ұлттық деңгейдегі жобаларда жұмыс істейді. Мұнда радиациялық қауіпсіздік, экология, энергетиканы жаңғырту мәселелерін шешетін болашақ инженерлер, ғалымдар, зерттеушілер қалыптасуда.
Иә, Наурыз – алға қадам басу. Бірақ оның ішінде өткеніңе көз жүгірту, тарихи тамырыңа, ұлттық кодқа, ұрпақ сабақтастығына құрмет көрсету жатыр. Университетіміз ұлы ғалымдардың, ойшылдардың, тәлімгерлердің мұрасымен құнды, солардың арқасында бүгінгі жаңа білім дәуірі қалыптасады.
Біздің Абай облысының тарихы тағдырлы. Замана дауылдары мен атом сынақтары жерімізді жаралап қана қойған жоқ,әрбір ойлы адамның санасына салмақ салатын ойлардың да ізін қалдырды. Бұл қасіретке толы тарихымызды еске салып, болашақ ұрпаққа үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан да, экологиялық жаңғыру мен ғылыми зерттеулер арқылы біз осы қателіктердіжоюға, жерімізді қалпына келтіруге, ал ең бастысы – болашақ ұрпаққа қауіпсіз орта қалдыруға міндеттіміз.
Құрметті әріптестер, студенттер!
Бұл күн тіршіліктің, дәстүрлі құндылықтар аясында бірігіп, игілікті жаңа бастауларға ниет білдірудің нышаны. Наурыз мерекесіндекүннің алғашқы нұры әрбір шаңыраққа бақ-береке, өзара түсіністік пен болашаққа деген сенімділік әкелсін!
Әрқайсымызға шығармашылық шабыт сыйлап, алға қадам басуға, ізденуге, жаңа дүниелер ашуға, қиындықтарды жеңуге шабыттандырсын.
Shakarim University биылғы көктемді айқын мақсатпен қарсы алып отыр. Бұл –өңірдің, ғылымның, елдің жаңа тарихын жасайтын кәсіби мамандарды даярлау.
Алда жаһандық өзгерістер күтіп тұр және ең маңыздысы – біз оларды сырттай бақылап отырмай, қозғаушы күшке айналуға тиіспіз.
Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз-Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін. Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын. Ақ мол, жыл ырысты болсын!
Төрлет, жоғары шық, бейбітшілік пен достықтың бастауы болған әз-Наурыз!
Құрметпен, Думан Орынбеков