Shakarim University студенттері Қытай Халық Республикасының жетекші аграрлық университетінде білім алу және ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша бірегей мүмкіндіктерге ие болады.
Shakarim University білім мен ғылымның шекарасын кеңейте отырып, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда. Қазақстан Президентінің Ғылым және жоғары білім саласында Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі стратегиялық бастамасы аясында бүгін, 24 наурыз, Shakarim University мен Northwest A&F University (NWAFU, ҚХР) арасында әріптестік туралы келісімге қол қойылды.
Құжатқа қол қою барысында Northwest A&F University (ҚХР) атынан ректор Wu Pute, вице-ректор Ma Chuang, Халықаралық ынтымақтастық және алмасу кеңсесінің директоры Wang Xiaolong, Агрономия колледжінің деканы Li Xuejun, Зоотехника және мал шаруашылығы технологиялары колледжінің деканы Jiang Yu, Ландшафтық сәулет және өнер колледжінің деканы Gao Tian, сондай-ақ Халықаралық ынтымақтастық және алмасу кеңсесі директорының орынбасары Zou Yufeng қатысты.
Shakarim University делегациясының құрамында ректор Думан Орынбеков, Интернационалдандыру және инновациялар жөніндегі проректор Ерасыл Дулатбай, Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру орталығының үйлестірушісі Ерназ Ермеков, зоотехника саласындағы қос диплом бағдарламасының жетекшісі Гүлім Қамзина болды.
Келісім келесі тармақтарды қамтиды:
- «Мал шаруашылығы» бағыты бойынша қос магистрлік диплом бағдарламасы.
- Қытайдың жетекші аграрлық университетінің ғылыми-зерттеу ресурстарына қолжетімділік.
- Алмасу бағдарламалары, тағылымдамалар және халықаралық ғылыми жобалар.
Shakarim University ректоры Думан Орынбеков келісімге қол қоюдың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті: «Әріптестік келісімдерді бекіту – Қазақстанның халықаралық білім кеңістігіне интеграциялану жөніндегі ұлттық басымдықтарына толық сәйкес келеді. Ауыл шаруашылығы және аграрлық инновациялар саласындағы білім мен технологиялар алмасуы студенттер мен ғалымдарға мал шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Ортақ жобаларға үлкен қызығушылық танытқан қытайлық әріптестерімізге шын жүректен алғысымды білдіремін. Біз тағы да ғылым мен білімнің шекарасы жоқ екеніне көз жеткізіп отырмыз. Northwest A&F University-мен серіктестік біздің студенттер мен оқытушыларға халықаралық деңгейде мол тәжірибе жинауға, озық технологияларды меңгеруге және жаһандық ғылыми ортада жұмыс істеуге жол ашады. Бүгінгі шараны қорытындылай келе, ұзақ мерзімді әрі нәтижелі ынтымақтастықтың бастау алғанын атап өткім келеді».
Еске сала кетейік, 14 наурызда өткен Ұлттық Құрылтайда Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев өңірлік экономиканы дамытудың маңыздылығын атап өткен болатын