Қала күні – қаламыздың тарихы мен бүгінгі жетістіктерін айшықтайтын, барша тұрғындар асыға күтетін мерекелердің бірі. Осы ортақ мерекеге Shakarim University де өз үлесін қосып, қала күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырды.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың шығармашылық қабілетін паш ету, қала тұрғындарына қуаныш пен мерекелік көңіл-күй сыйлау, сондай-ақ, университеттің мәдени өмірдегі белсенділігін арттыру.
Концерт барысында студенттер әсем әндер орындап, жалынды жырларын тарту етті. Сонымен қатар, жас таланттар домбыра, гитара секілді музыкалық аспаптар шертіп, көрермендерді ерекше әсерге бөледі. Қатысушылардың өнері көрермен тарапынан зор қошеметке ие болып, ыстық ықыласпен бағаланды.
Шараға келген қала тұрғындары мен қонақтар концерттің жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, университет ұжымына алғыстарын білдірді.
Қала күні мерекесіне арналған бұл концерт студенттер үшін де, көрермендер үшін де жарқын естелік болып қалмақ. Университет ұжымы алдағы уақытта да қала өміріне белсене араласып, мәдени-рухани іс-шараларды дәстүрлі түрде жалғастыруды көздеп отыр.


