16 мамыр күні Шәкәрім университетінде ҚазССР Ғылым акдемиясының корреспондент-мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Т.Ы.Аманов атындағы XV аймақтық олимпиада өз мәресіне жетті.
Мектеп оқушыларының арасында өткен олимпиаданы Физика-математика ғылымдары жоғары мектебінің деканы, PhD Мақсатбек Сатымбеков ашып, олимпиаданың мақсатын айқындап, үлкен іс-шараның мән-маңызын саралап берді. Келесі кезекте университеттің Стратегия және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Асқар Қасымов сөз алып, қатысушыларға жігер мен асқақ рух, білімге деген ұмтылыс пен жеңіс жолында табандылық тілек етті.
Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Гүлназ Берікханова тарихи бейнетаспалардан алынған фотосуреттерді «Ұлы дала математигі Төлеубай Амановтың өмірбаяны» тақырыбында қамтып, естеліктер арқылы ғалымның өшпес ізін дәріптеп, халқымыздың біртуар ұлының ұлы істерін ұлықтады.
Олимпиада барысында оқушылардың жетекші ұстаздары уақыттарын жаңа білім алуға арнап, педагогикалық зерттеу орталығының басшысы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Оралтай Жолымбаевтың «Конкурстық және олимпиадалық есептерді шығару әдістемесінің ерекшеліктері» тақырыбындағы семинар-тренингіне қатысып, біліктіліктерін арттырды, көкейде жүрген сұрақтарын ортаға салып, пікір алмасты.
Аламан бәйгеде оза шауып, білімді – брендке, тәрбиені трендке айналдырған білімді де, озат ойлы жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
10-сынып
Оқыту тілі: қазақ
1-орын Жұмабай Аяулым Жұмағалиқызы
2-орын Демежанов Нұрбақыт
2-орын Асқар Нұрислам
3-орын Мурат Дильназ
3-орын Сайынова Еркежан Сарқытбекқызы
3-орын Шералы Сұлтан
Алғыс хат
Жанатов Бекжан Жүрекұлы
Айтқалиева Бинур
Мұратова Еркежан
Рысқазықызы Ұлжан
Ерланқызы Дильназ
Кажимурат Аружан
Мубараков Нариман Секенулы
Нұрлан Санжар Нұрқанұлы
Габдуллина Алина
Серікқазы Іңкәр
Нурхамитова Аяулым
Қабдығали Аружан
Оралбекова Гүлназ Айдынқызы
Саньязов Азамат Ержанович
Қоңыртаева Толғанат Ержанқызы
Кенжегулова Дильназ
10-сынып
Оқыту тілі орыс:
1-орын Сериков Темирлан Нурланулы
2-орын Завалова Алина Максимовна
2-орын Нұрмұхамет Аяжан
3-орын Тен Николай Германович
3-орын Жумадилов Нурали Рустамович
3-орын Жанаспаева Жанель Дулатқызы
Алғыс хат
Царьков Антон Алексеевич
Авгамбаева Рианна Муратовна
11-сынып
Оқыту тілі: қазақ
1-орын Ерғалиева Даяна
2-орын Қабиева Диляра
2-орын Сейлғазы Мәди
3-орын Сейтқажин Теміржан
3-орын Шынарбек Алуа
3-орын Өндірханов Дәулет
Алғыс хат
Әділғазы Жақсылық Сырымұлы
Баешова Әйгерім
Аманбек Алишер
Бейбіт Дильназ
Кеңесбекова Ерке
Манасов Тұрар
Султанова Гүлім
Төлеуғали Ернар
Төлеуғалиев Досым
Тулеубаева Әдемі
Әбдәкәрім Еркеназ
Капашева Камила
11-сынып
Оқыту тілі: орыс
1-орын Лукин Артем
2-орын Журавлева Снежана
2-орын Зейноллаева Динара
3-орын Исакова Анеля
3-орын Абремская Милена
3-орын Маратова Жибек
Шын жүйрік бәйгеде сыналатынындай, білім бәйгесіне білек сыбана қатысып, бәсекеге қабілетті білім деңгейін көрсете білген оқушыларға және дайындаған ұстаздарға алғысымызды білдіреміз. Сіздердің білімге деген талпыныстарыңыз болашақ ғылымның сенімді іргетасын қаламақ.



