15 сәуір 2025

Тренинг "Бейімделудің алдын алу және стресске төзімділікті арттыру, студенттердің денсаулығын нығайту" «Стрессті басқару. Менің оқу ресурстарым»

Shakarim University Психологиялық қолдау қызметі және педагогика психология кафедрасының ұйымдастыруымен "Бейімделудің алдын алу және стресске төзімділікті арттыру, студенттердің денсаулығын нығайту"  «Стрессті басқару. Менің оқу ресурстарым» атты тренингке қатысуға шақырады!

Тренинг мақсаты:

*Студенттердің психологиялық тұрақтылығын арттыру

*Стресске төзімділікті қалыптастыру

*Оқу үдерісіне бейімделуді жеңілдету

*Жеке ресурстарды тиімді пайдалану

Студенттік шақ – тек білім алу ғана емес,сонымен бірге денсаулықты сақтау мен нығайту кезеңі. Салауатты әдеттер болашақ табысты өмірдің негізі!