Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі01 қыркүйек 2024студент

SHAKARIM UNIVERSITY ҰЖЫМЫНЫҢ 1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Қымбатты студенттер,  колледж оқушылары!

Сіздерді 1 қыркүйек – Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Тоқсан жылдық тарихы бар, іргетасы сонау 1934 жылы қаланған білім ордасы бүгінде бірнеше оқу орындарының басын біріктірген көпсалалы университетке айналды.

Тоқсан жылдың ішінде өмір атты шексіз ғаламға сан мыңдаған түлектің топшысын қатайтып ұшырған білімнің киелі ордасы  биылғы жылы тағы да жалынды жастармен толығып отыр. 1- курсқа 1959 студент қабылданса,   магистратураға 124, докторантураға 22  адам түсті. Айта кетерлігі, биыл Shakarim University үшін 871 мемлекеттік грант бөлінді. Университетте және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ашылған «ShakarimHighSchool»-да бүгінгі күні жастарымыз  100-ден астам білім беру бағдарламалары бойынша білім алуда.

Шәкәрім университетінде бәсекеге қабілетті маман даярлау үшін барлық жағдай жасалған. Заманауи лабораториялар, Жоғары және Зерттеу мектептері, ғылыми-зерттеу орталықтары  жұмыс істейді. Академиялық ұтқырлық шеңберінде студенттеріміздің еліміздегі  және алыс-жақын шетелдердегі оқу орындарында білімін кеңейтуге мүмкіндіктері бар.

Білім мен ғылымның киелі ордасына айналған университеттің бүгінгі миссиясы ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандардың  кадрлық әлеуетін қалыптастыру.

Университетке алғаш рет қадам басып отырған 1 курс студенттері!

Сіздердің бақытты болашақтарыңыз біздің университетпен тікелей байланысты болатынына біз сенеміз. Бізге үкілі үміттеріңіз бен сенімдеріңізді артып келіп отырғандықтан сіздерден жақсы маман  тәрбиелеп, өмір жолына шыңдап шығаруға біз бар күш-жігерімізді жұмсаймыз! Жаңа оқу жылында біз бірлескен күш-жігермен университеттің жаңа, жарқын белестеріне қол жеткізетін боламыз. 1 қыркүйек Сіз үшін биік армандарға қадам басқан күн болсын! Баршаңызға сәттілік тілейміз!

Ізгі ниеттпен, Shakarim University  профессорлық-оқытушылар құрамы