Мектеп оқушыларының білімге, ғылымға қызығушылығын арттыру, дүниетанымын кеңейту, интеллектісі жоғары тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету мақсатында Шәкәрім шаңырағында «INTELLECTUAL BATTLE» атты танымдық-интеллектуалдық сайыс өткізілді.
Сайысқа 6 мектеп, атап айтқанда №38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі , №43 ЖОББМ, Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия , №41 ЖОББМ , №23 ЖОББМ өзара мықтыны анықтады.
Сайыс үш айналымнан тұрды. Жеңімпаз бен жүлдегерлер үш кезеңде жинаған ұпай көлемі арқылы анықталды.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Айта кетейік, 25-26 наурыз және 28-29 наурыз күндері 11-сынып оқушыларына «I go to Shakarim» фестивалі өтеді.