Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі30 қазан 2024меморандум

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫ ЖАСАЛДЫ

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ  және  ҚР Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы»  шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

 Бұл  маңызды Меморандум – мектепке дейінгі ұйымдарға мамандар даярлаудағы бірлескен жұмыстың бастамасы. Өзара ынтымақтастық аясында мынадай бірлескен жұмыстарды жүргізу жоспарланып отыр: форумдар, вебинар, дөңгелек үстел, конференциялар өткізу, тәжірибе алмасу бойынша бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру; инновациялық технологияларды бейімдеу және ендіру бойынша апробациялар жүргізу.

Балабақша директоры Г.Онланбекқызы өз сөзінде мектепке дейінгі білім беру мекемесінің үздік тәжірибесімен бөлісу мақсатында студенттердің тәжірибеден және тағылымдамадан өтуіне барлық жағдайды жасауға дайын екендіктерін баса айтты.

Айта кетерлігі, биылғы оқу жылынан бастап Shakarim University-де «Мектепке дейінгі білім беру және балалар психологиясы» инновациялық білім беру бағдарламасы бойынша даярлық жүргізілуде.