Бүгін – Абай күні. Ұлы тұлғаның туған күніне орай Абай елінде рухани шаралар ұйымдастырылды. Орталық алаңдағы Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, семейліктер қазақтың бас ақынының рухына тағзым етті.
10 тамыз – халқымыздың ұлы перзенті, ақын, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер Хәкім Абайдың туған...
Абайдың қара сөздері – қазақ танымының ғана емес, әлемдік ой танымының көрсеткіші. Аристотель, Сократ, Демокрит сияқты ой-пікірлері әлемдік философия негізі болған грек шешендері мен Фараби, Бируни сияқты шығыстың ғұламаларының тұжырымдарымен таныс болғандығын, оларды тереңдете түскенін, ұлтқа қажет таным-түсініктермен кеңейткенін көрсетеді. Әлемдік ой-таным жүйесіндегі берері көп ақыл, көрсетері мол тағлымды ойлармен...
Бүгін ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күні аясында Семей мен Жидебайдың арасында 160 шақырымдық ультрамарафон өтуде. Шәкәрім университетінің Жаратылыстану-математика факультеттерінің студенттері Хайбуллина Диляра мен Мұқажанов Заңғар марафон аясында өткізілген қысқа қашықтықтағы жарыста үздік нәтиже көрсетті.
Жарысты ұйымдастырушылар – Абай облысы әкімдігі және «El Sport» республикалық қоғамдық бірлестік.
- Қазақстанда бұрын...
Бүгін Шәкәрім университетінде халқымыздың ұлы ақыны, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының 178 жылдық мерейтойы сән-салтанатымен аталып өтті. Жиынға университет басшылығы, ардагер ұстаздар, профессор-оқытушылар құрамы, білім алушылар және қала тұрғындары қатысты.
Құттықтау сөз сөйлеген университет басшысы Думан Орынбеков Абай күнін атап өту – ұлттық мәдениет пен өнерге, ақындар мен жазушыларға, абайтанушыларға деген...