Бүгін – XX ғасырдың басында талайды сарсаңға алып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Саяси қуғын-сүргін – мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихымыздың шерлі беттерінің бірі. Естеліктері ешқашан ескірмейтін осы күнді шәкәрімдіктер ескерусіз қалдырған жоқ. Оқу орны басшылығы мен студенттері қуғын-сүргінге алғашқылардың бірі болып ұшыраған...
Бұл – халық өз ұлтының рухы, ар-ұжданы болған арыстарымыздың рухына тағзым ететін күн.
Абай елі – ХХ ғасырда Қазақстанды еркін, әділетті, білімді ел ретінде көруді армандаған тұлғалар шыққан қасиетті мекен. Бұл жерде Алаш зиялылары жазды, күресті, армандады. Олар – саяси әрі рухани элита өкілдері. Абайдың жері олардың есімдерін ұмытқан жоқ. Олар...