ИРН DP23692439, Материалдарды электролитті-плазмалық өңдеуге арналған көпфункционалды қондырғы өндірісі

Жоба жетекшісі: Сатбаева Зарина Аскарбековна


Өзектілігі:

Материалдарды электролитті-плазмалық өңдеуге арналған көпфункционалды қондырғы өндірісін ұйымдастыру жобасы өнеркәсіптің металл бұйымдарын қатайтудың, химиялық-термиялық өңдеудің және жылтыратудың тиімді технологияларына деген қажеттілігінің артуына байланысты өзекті болып отыр. Әзірлеу импорттық жабдықты ауыстыруға, бөлшектердің қызмет ету мерзімін арттыруға және өндіріске отандық ғылыми шешімдерді енгізуге мүмкіндік береді.


Мақсаты:

Материалдарды электролитті-плазмалық өңдеуге арналған көпфункционалды қондырғы өндірісін ұйымдастыру.


Күтілетін нәтиже:

Жобаны іске асыру нәтижесінде қажетті рұқсаттарды, лицензияларды және сертификаттауды ала отырып, материалдарды электролитті-плазмалық өңдеуге арналған көпфункционалды қондырғылардың сериялық өндірісі жолға қойылады деп күтілуде. Жоба толық өндірістік қуатқа шығуды, Қазақстан нарығында өнімді ілгерілетуді және кәсіпорынның 2030 жылға дейінгі тұрақты дамуы үшін стратегиялық базаны қалыптастыруды қамтамасыз етеді.


Қол жеткізілген нәтиже:

Жоба қаттылығы 70 HRC дейін жететін және тозуға және коррозияға төзімділігін жақсартатын, өңдеудің үш түрін-беттік сөндіруді, химиялық — термиялық өңдеуді және жылтыратуды қамтамасыз ететін материалдарды электролиттік-плазмалық өңдеуге арналған әмбебап қондырғыны әзірледі және жасады. Технологияның тиімділігі ҒЗТКЖ нәтижелерімен расталды, ал әзірлеменің өзі ҚР № 5354 патентімен қорғалды және оның ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығын растайтын ҰҒҒТСО-да тіркелді.