Маркетинг және коммуникация орталығы – университеттің имиджін қалыптастыруға, білім беру қызметтерін алға жылжытуға және ішкі-сыртқы коммуникацияны тиімді ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлім. Орталықтың негізгі қызмет түрлері төмендегідей:
1. Имиджді қалыптастыру және дамыту:
- Университеттің брендін қалыптастыру және нығайту бойынша стратегияларды әзірлеу.
- Университеттің құндылықтарын, жетістіктерін және ерекшеліктерін қоғамға таныстыру.
- Медиа және жарнама арқылы университеттің оң имиджін насихаттау.
2. Медиа және қоғаммен байланыс:
- БАҚ-пен өзара әрекеттесу: пресс-релиздер дайындау, сұхбаттар ұйымдастыру және баспасөз конференцияларын өткізу.
- Әлеуметтік желілердегі белсенділік: университет парақшаларын жүргізу, контент жасау және аудиториямен байланыс орнату.
- Университеттің ресми сайтына ақпараттық қолдау көрсету.
3. Маркетинг және жарнама:
- Білім беру бағдарламаларын ілгерілету бойынша маркетингтік стратегиялар жасау.
- Студенттерді тартуға бағытталған жарнамалық науқандар ұйымдастыру.
- Университеттің қызметін көрсететін презентациялық материалдар мен бейнероликтер дайындау.
4. Аналитика және зерттеулер:
- Білім беру нарығын, бәсекелестерді және аудиторияны зерттеу.
- Маркетингтік және коммуникациялық қызметтердің тиімділігін бағалау үшін аналитикалық есептер жүргізу.
5. Университет бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру:
- Семей қаласы және Абай облысындағы мектеп түлектеріне университет пен оның білім беру бағдарламалары туралы ақпарат тарату;
- Білім беру бағдарламалары туралы буклеттер, ақпараттық парақшалар, бейне роликтер мен слайдтар дайындау;
- Мектеп түлектерінің таңдау пәндері және таңдаған білім беру бағдарламалары негізінде, әлеуметтік чаттар құру және оның жұмысын ұйымдастыру;
- Мектеп түлектері арасында инстаграм байқауын өткізу;
- Мектеп және колледж түлектері үшін ғылыми жобалар мен шығармашылық конкурстар ұйымдастыру;
- Жоғары/Зерттеу мектептерінің "Ашық есік" күндерін өткізуіне ұйытқы болу;
- Кафедралардың жоғары сынып оқушыларына пәндік олимпиада өткізуіне ұйытқы болу;
- "Серпін 2050" бағдарламасына қатысатын облыстардың мектеп түлектерімен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру;
- Кәсіптік бағдар беру мақсатында баратын мобильді топтардың іссапарларын ұйымдастыру;
- Магистратура және докторантураға түсудің тәртібі туралы түсінік беру жұмыстарын ұйымдастыру;
- Мектеп директорлары және 11 сынып жетекшілерімен байланыс орнату.
6. Қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру:
- Қабылдау комиссиясының құрамын бекіту;
- Қабылдау комиссиясын қажетті техникалық және ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету.