28 қазан күні Тамақ инженериясы зерттеу мектебінде «Трансформацияның символы: маскалар арқылы өзгеру» атты тренинг өтті. Тренинг аутодеструктивті мінез-құлық белгілері бар топтардың студенттерімен дебрифинг форматында өтті. Бұл тренингті психологиялық қолдау орталығының басшысы Шолпан Серікбосынқызы өткізді. Студенттерге өзіндік дамуға және ішкі эмоцияларын түсінуге көмектесетін түрлі психологиялық әдістерді ұсынды.
Студенттер «маска» әдісімен танысты. «Маска» әдісі- қатысушылардың эмоцияларын сыртқа шығаруға мүмкіндік береді. Бұл әдіс адамның шынайы бет-бейнесін жасыра отырып оның ішіндегі күйзелісті ашуға көмек береді.
Сонымен қатар «Бос орындық» техникасын қарасты. Бұл әдіс адамға өзінің эмоцияларымен, ойларымен және сезімдерімен байланыста болуға көмектеседі. Бос орындық техникасы барысында қатысушы сол бос орындықта отырғызылған адамды немесе сезімді сөйлесу объектісі ретінде қолданады.
Тренинг көпшілікке өз-өзін түсінуге, шынайы эмоцияларын ашуға және ішкі жайлылықты табуға көмектесті.