📌 Шәкәрім университетінің Психологиялық қолдау қызметінің басшысы, профессор Ш.Сатиева "Тайм-менеджмент және стресс: тиімді жоспарлау арқылы күйзелісті жеңу" тақырыбында пайдалы тренинг өткізді.
🔹 Тренинг барысында қатысушылар уақытты тиімді басқарудың маңыздылығын, стрессті азайтудың әдістерін үйреніп, практикалық жаттығулар арқылы өз дағдыларын жетілдірді.
✅ Негізгі тақырыптар:
🔸 Тайм-менеджменттің негізгі қағидалары
🔸 Стрестің себептері мен оның алдын алу жолдары
🔸 Жеке және кәсіби өмірде тиімді жоспарлау әдістері
🔹 Қатысушылар белсенді түрде талқылауларға қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, пайдалы кеңестер алды.
📍 Осындай мотивациялық және тәжірибеге бағытталған тренингтер алдағы уақытта да жалғасады!