07 february 2025

ХАБАРЛАМА Ересектердің антиәлеуметтік мінез-құлқына арналған сауалнама

Шәкәрім университетінің Психологиялық қолдау қызметі ересектер арасындағы антиәлеуметтік мінез-құлықты зерттеуге бағытталған сауалнама жүргізуде.

Құрметті респонденттер!

Сіздерді осы маңызды зерттеуге қатысуға шақырамыз. Сауалнама жоғары оқу орнында кездесетін антиәлеуметтік мінез-құлық түрлерін анықтап, олардың алдын алу мақсатында жасалған.

Сізден сауалнамадағы әр сұрақты мұқият оқып, өз ойыңызға сай келетін жауапты таңдауыңызды сұраймыз. Шынайы жауаптарыңыз бізге мәселені тереңірек түсінуге және тиімді алдын алу шараларын жасауға көмектеседі.

Ынтымақтастығыңыз үшін алдын ала алғысымызды білдіреміз!

Ізгі ниетпен, Шәкәрім университетінің Психологиялық қолдау қызметі