Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі13 ақпан 2025студент

АБАЙ – ӘЛЕМ ТІЛДЕРІНДЕ

Shakarim University-де «Абай – әлем тілдерінде» әдеби кеші өтті. Танымдық іс-шара ұлы ақынның 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

 

 

Рухани кеш студенттердің ұлттық санасын жаңғыртуда әдебиеттің орнын нығайтып, оған қызығушылығын арттыруды көздеді. Сонымен қатар, жастар арасында ұлы Абайдың шығармаларын насихаттау, студенттердің әлем тілдерін үйренуге ынтасын арттыра отырып, шығармашылық әлеуетін дамыту, полимәдениетті тұлға қалыптастыру – басты мақсат.

 

 

Абай шығармалары әлемнің көптеген  тіліне аударылғаны белгілі. Филология жоғары мектебінің студенттері ұлы ақынның шығармаларын осы университетте оқытылатын  шетел тілдері: түрік, неміс, ағылшын, қытай, және орыс тілдерінде де орындап,  мәдени контексін және ұлы ақын шығармаларының терең мағынасын ашып көрсетуге тырысты.

 

 

Сондай-ақ, әдеби кеш барысында кітапхана ұжымы  «Абай – әлем тілдерінде» тақырыбындағы  кітап  көрмесін үш тілде ұйымдастырды.