Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі10 ақпан 2025тағайындау

АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің 2025 жылғы 4 ақпандағы №13 ж\қ бұйрығымен «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор лауазымына Беимбет Серікұлы Дарибаев үш жыл өкілеттік мерзіммен тағайындалды.

 

Проректорды ұжымға университет ректоры Думан Орынбеков таныстырып, оның тәжірибесі мен біліміне жоғары баға беріп, университеттің білім беру саласын одан әрі жетілдіру жолындағы жұмысына сәттілік тіледі.

 

Беимбет Серікұлын жаңа қызметімен құттықтай отырып, алдағы бастамаларына сәттілік пен толағай табыстар тілейміз!