ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "30 игі шара" акциясы барысында «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ , Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының басшысы профессор Ш.Сатиева “Жеке тұлға апгрейді//Апгрейд личности” атты тақырыпта Инженерлік-технологиялық факультеттің білім беру менеджерлерімен интенсив тренинг өткізді.
Интенсив барысында тренингке қатысушылар адамның пәндік әлемдегі өзінің мүмкіндіктері мен мүмкін болатын өзгерістері туралы білімдерін орындалатын іс-әрекеттің талаптарымен және өзіндегі өзгерістердің мүмкіндіктерімен байланыстыруды көздейтін рефлексия тәжірибесімен бөлісті.
Субъективтіліктің көрінісі болып табылатын субъективтік белсенділік адам өзі үшін тұжырымдалған мақсаттарға қол жеткізген кезде субъективтік қосылудың өлшемін, өз шығармашылығының өлшемін анықтау үшін ерік білдіруді анықтайды.
Тыңдаушылар бірауыздан: мүдде, моральдық нормалар, мұраттар мен сенімдерді қалыптастырумен байланысты құндылықтар тәжірибесі; белгілі бір жұмыс жағдайларына, күш-жігерге, жетістікке жету деңгейіне бағытталған әдеттегі жандандыру тәжірибесі жеке тәжірибе компоненттерінің жиынтығы қажет деп ой бөлісті.
Бірлескен қызмет дағдыларын өткізілген интенсив барысында пәндік өзгерістермен байланысты жалпы еңбек, кәсіби білім мен дағдыларды қамтитын операциялық тәжірибе, өзін-өзі реттеу мүмкіндігі; ынтымақтастықты жүзеге асыру, құру қабілетімен байланысты ынтымақтастық тәжірибесі деген ой-тұжырым болды.
"Университетіміздің аса жоғары белсенділік танытқан Инженерлік-технологиялық факультеттің білім беру менеджерлерімен кері байланыс өте тығыз болды.
Интенсив өткізу барысында сіздермен жұмыс істеу қызықты болды. Біз сіздер сияқты біздің тәжірибелерімізді байытып, жаңа нәрселерді үйренуге дайын білім беру менеджерлерін мақтан тұтамыз.
Университетіміздің Инженерлік-технологиялық факультеттің білім беру менеджерлеріне тұрақтылық пен өркендеу тілейміз!"- деді Шолпан Сатиева.