Шәкәрім университетінің Инженерлік-технологиялық факультетінде диссертациялық жұмыстардың қорғауы өтті.
Ізденуші Берік Идырышев “Азық-түлік өнімдерінің технологиясы”мамандығы бойынша (PhD) философия докторы
дәрежесін алу үшін "Өсімдік қоспасын қолдану арқылы функционалдық бағыттағы жартылай ет фабрикатының технологиясын әзірлеу" тақырыбында диссертациясын қорғады.
Ғылыми жетекшісі - техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Нургазезова А.Н.
Ал, Шыңғыс Әмірханов «Трансмайлар құрамы төмендетілген ет өнімдерінің технологияларын жасау» тақырыбында диссертациялық жұмысын ұсынды. Ғылыми жетекшісі - Игенбаев Айдын Қайырбекұлы - PhD, «Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ, Астана қаласы.
Сондай-ақ ізденуші Рысгүл Ашакаева Тағам қауіпсіздігі (PhD) философия докторы дәрежесін алу үшін "Шұжық өнімдері технологиясында ет шикізатының сапасы мен тамақтық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін жасау" тақырыбында дайындалған диссертациясын қорғады.
Ғылыми жетекшісі - техника ғылымдарының кандидаты, профессор Асенова Б.К.
Шетелдік ғылыми кеңесшісі - техника ғылымдарының кандидаты Искакова Е.Л.
Ал ізденуші Ботакөз Кулуштаева Тағам қауіпсіздігі (PhD) мамандығы бойынша философия докторы дәрежесін алу үшін
"Композициялық ұн қосылған глютенсіз нанның қауіпсіздігін камтамасыз ету" тақырыбында диссертациясын қорғап шықты.
Отандық ғылыми кеңесшісі - техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Г.Н. Нүрымхан.
Шетелдік ғылыми кеңесшісі - техника ғылымдарының кандидаты, доцент Козубаева Л.А.
Ғылым жолындағы ізденушілерді диссертациялық жұмыстарының сәтті қорғалуымен шын жүректен құттықтаймыз! Ғылыми жаңалықтар көп болсын!