Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі14 қаңтар 2025өмір бойы оқу

«КҮМІС УНИВЕРСИТЕТТЕ» - ТҮРІК ТІЛІ

 

Дүниедегі ең асыл тіл — араб тілі,

одан кейін түрік тілі,

түрік тілінің ішіндегі гауһары — қазақ тілі.

Мәшһүр Жүсіп

 

 

Шәкәрім университетінің кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығында 2021 жылдың екінші жартысынан бастап «Күміс университет» қызметі жүзеге асырылып келеді. Оның мақсаты – «Өмір бойы оқу (үздіксіз білім беру)» тұжырымдамасы аясында зейнет жасындағы тұлғалардың өмір сүру сапасын жақсарту және оларды формальді емес біліммен қамту.

 

 

Кез-келген тілді меңгерместен бұрын сол тілдің маңыздылығы мен пайдасын біліп алсаңыз, оған деген қызығушылығыңыз артары сөзсіз.

Қазіргі заманға сай түрік тілін оқудың басты қағидасы:

  • Түрік мәдениеті мен тарихымен танысу.

   Түрік тілін білу адамдарға Түркияның бай мәдени мұрасы мен тарихына тереңірек үңілуге ​​мүмкіндік береді. Тілді түсіну түрік әдебиеті, музыкасы, киносы және өнері, әдет-ғұрыптары, дәстүрлері туралы түсінікті молайтады.

  •   Сериалдарды түпнұсқада көру .

 

 Еліміздің телеарналарында түрік сериалдарының көрсетілімі көш бастап тұрғаны анық. Түрік тіліндегі фильмдерді немесе сериалдарды  аудармамен емес, түпнұсқада көргенге не жетсін. Сериалдардан алар әсеріңіз де біршама өзгеше болады. Осы орайда, Шәкәрім университеті «Күміс университеті» тыңдаушыларына 2025 жылдың 13 қаңтарынан түрік тілі курсын бастады. Аталмыш курсқа дәріс беретін Айгүл Жұманқызы Түрікпенова PhD, шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы. Түрік тілі сияқты жаңа тілді үйрену есте сақтау қабілетін арттырып, когнитивті функцияларды дамытады. Бұған қоса, тіл меңгеру өзіне деген сенімділікті арттырып, өмір бойы білім алуға деген жігерін жанып, ынталандырады және тұлғаның дамуына ықпал етеді.

 

 

  «Өмір бойы білім алу» – бүгінгі  заман талабы. Оны толыққанды жүзеге асыру жаңа мүмкіндіктерге жол ашатыны анық.