Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарының бірі "білім беру процесінің үздіксіздігі, бұл білім берудің бір деңгейінен екіншісіне дәйекті ауысу болып табылады.
Үкіметтің «Өмір бойы оқу» тұжырымдамасына сәйкес академиялық дербестік мәртебесі бар Шәкәрім университеті формалды емес және информалды білім алудың нәтижелері бойынша есеп беру әрі марапаттау шарасын ұйымдастырды.
Ведомоство басшысы А.Аймағамбетов «Төртінші индустриялық революцияға» байланысты әлемдік еңбек нарығында негізгі проблемалардың бірі дағдылардың тез ескіруі екенін баяндап, өмір бойы бір диплом сценарийінің енді маңызды болмайтынын атаған болатын.
Бүгін университеттің Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы «Педагогикалық емес білімі бар адамдарды педагогикалық қайта даярлау», «Біліктілік арттыру курстары», «Күміс университет», «Жазғы мектеп» сынды ірі жобалардың нәтижелі түрде жүзеге асырылғанын қуанышпен айта алады.
Салтанатты жиында Жазғы мектептің 24 қатысушысына, педагогикалық қайта даярлау курстарының 19, Күміс университеттің 11 тыңдаушыға білім алғанын растайтын сертификаттар табысталды. Сондай-ақ, университеттің 50-ге жуық қызметкеріне Назарбаев Университетінің "Білім берудегі көшбасшылық" сертификаттары берілді.
Абай облысының әртүрлі жастағы тыңдаушылары қатысқан салтанатты жиында Басқарма Төрағасы – Ректор Б.Ердембеков:
Биыл «Жазғы мектеп» жұмысының алғаш рет ұйымдастыру арқылы мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы байланысты нығайта түстік. Жазғы мектеп жұмысы оқушылардың өз болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауына да негіз, себепкер болды деген ойдамын.
Педагогикалық қайта даярлау курстары
Ал педагогикалық қайта даярлау курстары - кәсіби білімі бар мамандар үшін үлкен мүмкіндік көзі. Сол мүмкіндікті дұрыс пайдалана алған білім алушылар енді мұғалім ретінде білім ошақтарында өз күштерін сынайды.
Күміс университет жобасы - ең сәтті де қажетті жобалардың бірі. Зейнет жасындағы адамдардың белсенді де ұзақ өмір сүруі олардың өздерін қаншалықты қажет сезінуіне тікелей байланысты. Бұл жоба ынталандыру көзі ретінде өте маңызды рөл атқаруда.
Университет үшін сапа мәселесі қашан да күн тәртібінде. Сондықтан профессор-оқытушылар құрамының мамандық бойынша біліктіліктерін көтеру, оны қаржыландыру мәселесі әлі де жалғасын таба бермек.