Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі23 шілде 2024докторантура

Құрметті докторанттар, сіздерді 25 грант күтуде!

 SHAKARIM UNIVERSITY қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы - Нұргелді Алтынбекұлы.

Нұргелді Алтынбекұлының айтуынша, докторантураға түсу емтиханы эссе жазудан, докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тесттен және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарынан тұрады. 

Докторантураға кемінде тоғыз ай жұмыс өтілі және магистр дәрежесі бар үміткерлер тапсыра алады. Бұған дейін магистратураны биыл бітірген түлектер келесі жылы құжат тапсыра алмайтын. Кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар және магистр дәрежесі бар талапкер түсе алатын. Мұны былтырдан бастап өзгерттік, демек, тоғыз ай еңбек өтілі бар әрбір магистрант құжатын докторантураға бере алады.

Мұндағы басты өзгеріс – енді докторантураға түсу үшін халықаралық сертификат талап етілетінінде. Шет тілі бойынша тестілеу докторантура бойынша енді Ұлттық тестілеу орталығы арқылы өткізілмейді. Сондықтан докторантураға түсемін деп ниет білдірушілер осы бағыт бойынша дайындалулары тиіс.


Айтуынша, барлық емтихан сұрағы мен эссе тақырыптары әрбір жоғары оқу орнының сайтында жарияланады. Эссе мен сұрақтар бойынша дайындалуға қажет әдебиеттер тізімі көрсетіледі.

Айта кетейік, докторантураға өтінімдерді қабылдау ЖОО қабылдау комиссиясы және Ұлттық тестілеу орталығының (әрі қарай – ҰТО) ақпараттық жүйесі (app.testcenter.kz) арқылы 2024 жылдың 3 шілдесі мен 3 тамызына дейін жүргізіледі.
Білім беру бағдарламаларының (әрі қарай – БББ) топтары бойынша докторантураға түсу емтихандары 2024 жылғы 15-20 тамыз аралығында компьютерлік форматта өткізіледі.

TOEFL ІTP (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnstіtutіonal Testіng Programm) сертификаты бар тұлғалар ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді 2024 жылдың 8 тамыз күні тапсырады.

❗Қабылдау 2024 жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі.