Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі19 қаңтар 2023біле жүріңіз, а знаете ли вы?

ҚЫС "ШІЛДЕСІ"

Қыс "шілдесі" дегенді естіп пе едіңіз? Бұл – қаңтардың соңғы 15-нен 29-ы күндеріндегі аяз. Бұл кезде қыс күшіне еніп, түкірік жерге түспейтін сақылдаған сары аяз болады. Қазақ мұны «Қыс шілдесі» деп бейнелі түрде атаған. Бұл уақытта малды да, жанды да қыс аязы қаңтарып қояды. Ал халық есепшілерінің пайымынша, Үркер мен Ай арасындағы бұрыш тіктөртбұрыш жасап орналасса, қыс шілдесі уақыты басталады деп есептеген.
"Бөрі сырғақта" қаңтар айында ат құлағы көрінбейтін боран соғады. Қаңтардың қатты аязы 18-нен 19-на қараған түні қасқырдың арланы мен ұрғашысы жұптасады. Осы түн әлемдегі барлық заттың тазару түні, әсіресе судың ең тазаратын уақыты деп есептеледі. «Бөрі сырғақ» деудің себебі қатты соққан бораннан қар үстінде ештеңе тұра алмайды екен, сырғанап ұшып кетеді. Ертеде бабаларымыз осы күнгі сумен нәрестені қырқынан шығарып, жүкті әйелдер жуындырған нәрестелер қасқырдай батыр болады деп ырымдаған.