Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі05 қазан 2022жобалар, білім алушылар

ШӘКӘРІМ ШАҢЫРАҒЫНДА «СІЗДІҢ ДАУЫСЫҢЫЗ МАҢЫЗДЫ» АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАНЫ ӨТТІ

Бүгін Шәкәрім университетінде «Сіздің дауысыңыз маңызды. Технологиялар арқылы азаматтық шешім қабылдау» жобасының аясында жастармен кездесу өтті.
Кездесуге университет басшылығы, магистранттар мен білім алушылар қатысты. Алғы сөз алған Басқарма мүшесі – ғылым және инновация жөніндегі проректор Жанар Қалибекқызы шараның маңыздылығына тоқталып, жастардың IT, инновация, ғылымда көптеген жобаларға қатысуға жоғары оқу орын тарапынан қолдау көрсетіліп жатқандығын атап өтті.
«ITeachMe» құзіреттілікті дамыту орталығы – қызметі тең мүмкіндіктер жасауға және әр адамның әлеуетін ашуға бағытталған қоғамдық қор.
Жоба Еуропалық Одақтың қолдауымен жүзеге асырылады және оның мақсаты жастар мен әйелдерді азаматтық технологиялар туралы, азаматтар мен үкіметтің өзара әрекеттесуін жеңілдететін құралдар мен қызметтер туралы ақпараттандыру, сондай-ақ ҮЕҰ-ды білім беру жұмыстарына тарту болып табылады.
«Жоба «Сіздің дауысыңыз маңызды. Технологиялар арқылы шешім қабылдауға азаматтық қатысу» инклюзивті азаматтық технологиялар мен цифрлық сауаттылық, қоғамдастық басқаратын әлеуметтік шешімдер және стратегиялық ақпараттық науқан арқылы Қазақстандағы әйелдер мен жастардың барлық деңгейлерде шешім қабылдаудағы рөлін нығайтуға бағытталған. Жобаны ОАЕҚ және «ITeachMe» ҚҚ құзыреттілігін дамыту орталығы жүзеге асыруда. Жобаның ұзақтығы: 24 ай»,- деді ITeachMe қоры директорының орынбасары Дәурен Жарқынбекұлы.
Шара барысында қатысушылар азаматтық технология негіздерімен, мобильді қосымшаларды тиімді пайдалану жолдарымен танысып, ақпараттық-танымдық кейс жаттығуларын өткізді.
P.S. Орталық Азияның Еуразиялық қоры (ОАЕҚ) - аймақта 2005 жылы құрылған қоғамдық ұйым. ОАЕҚ азаматтарға жергілікті қоғамдастықтарды нығайту және азаматтық және экономикалық әл-ауқатты жақсарту арқылы өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін мемлекеттік және жеке ресурстарды жұмылдырады. ОАЕҚ бағдарламалары туралы қосымша ақпаратты мына сайттан алуға болады: http://www.ef-ca.kz
Еуропалық Одақ озық жетістіктерін, ресурстары мен тағдырларын біріктіруге шешім қабылдаған 27 мүше мемлекеттен тұрады. 60+ жылдан астам кеңею кезеңінде олар мәдени әртүрлілікті, төзімділік пен жеке бас бостандығын сақтай отырып, тұрақтылық, демократия және тұрақты даму аймағын құрды. Еуропалық Одақ өзінің жетістіктері мен құндылықтарын дүние жүзіндегі елдермен және халықтармен бөлісуге дайын.