Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі05 қазан 2023ағылшын курстары, курсы английского языка

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ТӘЛІМГЕРЛІК КУРСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шәкәрім университетінде Абай облысының лингвистикалық орталығы және Кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының тіл саясатын іске асыру мақсатында үш тілді меңгеруге ниет білдірген университетіміздің  профессорлық – педагогикалық құрамына ағылшын тілінен тәлімгерлік курстар  жүргізіле бастады.

Курсты Абай облысы лингвистикалық орталығының оқытушысы Әсем Искакова жүргізеді.

Жан-жақты әдістемелік көмек көрсету арқылы оқытушы қызметкерлердің кәсіби құзыретін дамытуға бағытталған курстар жыл соңына дейін жалғасады.

Айта кету керек, Қазақстанның білікті, білімді әр азаматын ғаламдық ақпараттар мен  инновациялық ағынына ілесу ағылшын тілін үйренуге жетелейді.