Екі жыл бойы Шәкәрім университеті Быдгощ Экономика университетімен тығыз жұмыс істейді. Оқу орны қызметкерлері біліктілікті арттыру бағдарламаларына қатысады, ал студенттер академиялық ұтқырлық бойынша оқиды. Сонымен қатар, білім ордасының көптеген бірлескен халықаралық жобалары бар. Ұзақ уақыт бойы Шәкәрім университетінің базасында Польша университетінің филиалын ашуға байланысты келіссөздер жүргізілді.
Соның нәтижесі 2023 жылдың 24 мамырында Астана қаласында Ғылым және жоғары білім министрлігінде Быдгощ Экономика университеті және Шәкәрім университеті өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында Shakarim University базасында Польша университетінің филиалын ашу туралы екіжақты шартқа қол қойылды.
Filip Sikora канцлері және Шәкәрім университетінің өкілі Басқарма мүшесі – ғылым және инновация жөніндегі проректоры Жанар Қалибекқызы "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КеАҚ базасында "Быдгощ Экономика университеті" филиалын ашу туралы екіжақты шартқа қол қойды.
Келісім аясында "Мехатроника" және "Спорт және рекреация менеджері" қосдипломды білім беру бағдарламасын ашу жоспарлануда. Биылғы жылы алғашқы студенттер осы бірегей қазақстандық-поляк бағдарламасының қатысушылары бола алады.