Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі15 қараша 2024co-working

Shakarim University – Кемел келешекке арналған білім!

15 қарашада Shakarim University тұрақты бастамалар мен кәсіпкерлік жобаларды қолдаудың жаңа кеңістігін – Жоғары бизнес мектебі жанындағы Тұрақты даму Co-working орталығын ашты.

Қазақстанның Ұлттық валютасы күнінде ашылған  коворкинг орталығының демеушісі – Қазақстандағы ең ірі банк - «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.

Жаңа орталық студенттер, оқытушылар және бизнес өкілдері үшін инновациялық шешімдерді ілгерілетіп, экономиканы экология мен әлеуметтік жауапкершілікке басымдық бере отырып дамытуға ұмтылатын адамдарды біріктіретін алаңға айналады.

Тұрақты даму жөніндегі Co-working орталығының ашылуы Shakarim University-дің кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және тұрақты бизнес тәжірибелерін дамыту ұстанымына сәйкес іске асырылып отыр. Оның негізгі мақсаты – өңір мен қоғамның өзекті мәселелерін шешуге бағытталған тұрақты бизнес модельдерін қалыптастыруға жағдай жасау. Бұл мәселелер экология, әлеуметтік инклюзивтілік және ауыл шаруашылығындағы инновацияларды қамтиды.

Бұл орталық студенттер мен жас кәсіпкерлерге тұрақты даму саласындағы жобалармен айналысуға мүмкіндік береді, сондай-ақ Жоғары бизнес мектебі оқытушылары мен шақырылған сарапшылардан менторлық қолдау алуға жағдай жасайды. Мұнда тұрақты даму тақырыптарына арналған шеберлік сабақтары мен пікірталастар да өтеді.

Тұрақты даму жөніндегі Co-working орталығы университет, бизнес және қоғамдық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты қолдайды. Ортақ бағдарламалар мен серіктестік жобалары арқылы орталық білім, ресурстар және тәжірибе алмасуды қолдап қана қоймай, студенттердің жұмысқа орналасуы мен кәсіби дамуына да ықпал етеді.