Қабылдау комиссиясының дерегіне сүйенсек, қазіргі уақытта үміткерлердің басым бөлігі «педагогика» саласын таңдайды. Мұның себебін грантқа түсу мүмкіндігінің молдығымен байланыстыруға болады. Грант көп бөлінген мамандыққа көбінің жүгіруі «грант қуу» мәселесінің түбегейлі күн тәртібінен түспегенін, «сананы әлі де грант билейтінін» көрсететін сыңайлы.
Бұл – енді «Мұғалім мәртебесі туралы» заңның қабылдануы, педагогикалық мамандықтардағы студенттердің стипендиясын арттыру, педагогтер жалақысының еке есе өсуі секілді кешенді жұмыстың жемісі. Сондай-ақ әр грантқа осындай бәсеке болу үшін кешенді жұмысты қажет ететінінің көрінісі. Әйтпесе, 50 ұпайдан сәл жоғары жинап та грант көп бөлінген мамандыққа түсіп кететіндер, кейін сол салада жұмыс істемейтіндер көп.
Педагогика ғылымдары» бағыттары бойынша – кем дегенде 75 балл; басқа мамандық бойынша – кем дегенде 50 балл болып білім министрлігінен белгіленген болатын.
Қазіргі жастар мамандық таңдауда ата-анасының бағдарымен емес, өз жүрегінің ішкі дауысына құлақ асады. Проферентологтың көмегімен өзінің мінезі мен қабілеттерің талдап, болашақ мамандығын анықтауға белсене кіріскенін байқадық.
Қабылдау комиссиясының алғашқы күндері өте қарбалас болғаны сондай, грант конкурсына құжат қабылдауға 400 талапкерді қабылдадық. Осы уақыт аралығына дейін Шәкәрім университетін таңдау бойынша 1719 өтінім келіп түсті. Өзімнің ойымша, осы жылы 1200-дей бала грантқа ілігеді »,-дейді қабылдау комиссиясының баспасөз хатшысы
Грант иеленгендердің тізімі электронды түрде жарияланады. Талапкерлер үйде отырып-ақ өздерінің грантқа түскендігін біле алады. Қазақстанда білім гранттарын бөлу қорытындысы 5-ші тамыз күні белгілі болуы қажет.
Ең бастысы, білікті мамандар даярланып, елге адал қызмет етсе болғаны. Талапкерлерге сәттілік!- деп жылы лебізің білдірді Нұргелді Алтынбекұлы