Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі09 сәуір 2022субботник

ШӘКӘРІМДІКТЕР АЛҒАШҚЫ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

Ынтымақтың арты игі дейді дана халқымыз. Осы жолғы сенбілік өз ерекшелігімен басталды. Университеттің бітіруші түлектері, «Түлектер қауымдастығы» мен «Шәкәрім шапағаты» қорлары қара шаңырақтың жаңғыруына септігін тигізуде. Оқу кабинеттері жаңартылып, қарағай көшеттері отырғызылмақ.
Шәкәрім университеті аумағын абаттандыру, көркейту және санитарлық күтіп ұстау мақсатында көктемгі экологиялық айлық басталды.
Сенбілікке Басқарма төрағасы - Ректор Б. Ердембеков бастаған құрылым басшылары мен қызметкерлері және профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер белсене атсалысты.
Бүгінгі сенбілікке қатысушылардың күшімен білім ордасына тиесілі аумақтар атап айтқанда, Қашаған, Тәңірберген, Шугаев, Глинка, Физкультурная көшелері қоқыстардан тазартылды.
Университеттің Инфрақұрылымды басқару департаментінің деректері бойынша:
  • ЖОО жалпы тазартылған аумақ алаңы - 3000 м²;
  • Көлік транспортымен жиыны - 90 м³ қоқыс шығарылды;
  • Сенбілікке қатысушылар саны - 1000-нан астам адам.
ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСАЙЫҚ!
БІЗДІҢ ТАЗАЛЫҒЫМЫЗ– ҚАЛАНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ!