Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі08 қараша 2023жас мемлекеттік қызметшілер, таланттар пулы

«ТАЛАНТТАР ПУЛЫ» ЖОБАСЫ – ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН ЖАҢА МҮМКІНДІК

Бүгін Шәкәрім университетінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті ынтымақтастық туралы меморандум аясында «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасын іске асыру мақсатында бітіруші түлектермен кездесу өтті.

 

Кездесу барысында Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Әлия Кәрібаева мемлекеттік секторға таланттар пулын іздеу және тарту мақсатында өткізілетін “Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі” жобасының іріктеу кезеңдері бойынша толық ақпарат берді.

 

Жобаға ниет білдірген қатысушылар ережеге сәйкес 1 сағат көлемінде берілген тақырыптар бойынша 500 сөзден аспайтын эссе жазулары тиіс болды. Оларды болашақта бағыттар бойынша кадрлық қажеттіліктерді қалыптастырған мемлекеттік органдар бағалайтын болады. Ең жоғары балл жинаған қатысушылар келесі кезеңге өтеді.

 

Таланттар пулына іріктеу кезеңдерінен өткен студенттер алдағы жылы арнайы тестілеуден өтіп, таланттар пулына қабылданады және оқуды аяқтау туралы сертификат беріледі.

 

Айта кету керек, алдағы уақытта Шәкәрім университетінде белсенді және талантты жастарды мемлекеттік қызметке тартуды көздейтін «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» ашылмақ.