Бүгін Шәкәрім университетінде Гуманитарлық-экономика факультетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының 30 жылдығына және «Halyk Bank» АҚ-ның 100 жылдығына арналған «Білім беру мен өндірісті интеграциялау: жағдай және даму перспективалары» диалогтық алаңы өтті.
Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақты патриотизмге, интернационализмге, азаматтыққа, сондай-ақ ұлттық валюта-теңгеге және Отанның экономикалық тәуелсіздігіне деген мақтанышқа тәрбиелеу.
Шараға «Halyk Bank» АҚ Абай облысы филиалының басшысы Гүлжахан Бәйтерекова және директор орынбасары Болат Құстаубаев, №40 мектеп директоры Айжан Алпысбекқызы, Шәкәрім университетінің бас есепшісі Ержан Мусабеков, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.
Жиынды ашқан Гуманитарлық-экономика факультетінің деканы Ұлан Тлемисов қазіргі таңда теңге елтаңба, ту және әнұранмен қатар мемлекеттік рәміз болып табылатынын, сондай-ақ халқымыз бен мемлекетіміздің тарихи-мәдени мұрасын насихаттауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Диалогтық алаң аясында кафедра студенттерінің орындауында әртүрлі әндер мен билер орындалды.
Сонымен қатар, «Halyk Bank» АҚ директоры Гүлжахан Бәйтерекова зияткерлік викторина өткізіп, сұхбат алаңында студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Іс-шараны қорытыңдылаған «Экономика және қаржы» кафедрасының меңгерушісі Айгүл Зейнуллина барлық қатысушыларды аталмыш мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.