Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі14 қыркүйек 2024практика

SHAKARIM UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ "ALLUR" АВТОМОБИЛЬ КОМПАНИЯСЫНДА

Қазіргі уақытта сұранысқа ие түлектерді дайындауда олардың практикалық дағдыларын дамыту маңызды рөл атқарады. Осы мақсатқа жетудің бір түрі - өндірістік ортаға белсенді енуге мүмкіндік беретін дуальды оқыту.

 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев  жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей білім алушылар үшін нақты өндірістік сектормен тәжірибе жинақтай алатындай жағдай жасау қажет. Осыған байланысты, жаңа оқу жылынан бастап М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетімен келісім шеңберінде практика және дуальды оқыту базаларының географиясын кеңейте отырып «Машина жасау» білім беру бағдарламасының білім алушылары Қазақстанның ең ірі  – «Allur» автомобиль компаниясында  жұмыс тәжірибесін алуға бірегей мүмкіндік алды. Shakarim University студенттер тобының алдында кәсіби көкжиектерді кеңейту, сондай-ақ еңбек нарығында табысты жұмысқа орналасу үшін жаңа перспективалар ашылуда.