- іс жүргізуді, кіріс және шығыс хат-хабарларды дұрыс есепке алуды ұйымдастыру;
- жоғары органдардың, ҚР ҒЖБМ ресми құжаттарының, сондай-ақ алқалы шешімдер мен жеке тұлғалардың өтініштерінің орындалуына жүйелі бақылауды қамтамасыз ету;
- белгіленген мерзімде құжаттардың орындалуын бақылау (орындалуы мен бағытының дұрыстығын, қосымшалардың бар-жоғын тексеру және т.б.);
- құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен бірлесіп университет істерінің номенклатурасын әзірлеу;
- "е-Otinish", "EPVO" жүйелерінде ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарды тіркеу, есепке алу және тарату, орындалуын бақылау;
- кіріс құжаттарды қарауды және олар келіп түскен күні басшылыққа жеткізуді ұйымдастыру;
- шығыс хат-хабарларды дайындау және ресімдеу тәртібін сақтауды қамтамасыз ету;
- архивтің жүйелі жұмысын қамтамасыз ету, белгіленген тәртіппен құжаттарды қабылдау, есепке алу, сақтау және пайдалану;
- архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беруді ұйымдастыру;
- түлектердің деректер базасын, архивтік деректерді цифрландыру;
- құжаттармен жұмыс істеудің жаңа технологиялық процестерін әзірлеуге және енгізуге қатысу;
- құжаттарға қол жеткізудің және олардағы ақпаратты пайдаланудың тиісті режимін қамтамасыз ету;
- ресми бланк өнімінің есебін жүргізу, оның пайдаланылуы мен сақталуын бақылау;
- университет бланкісінде ресми хаттарды дұрыс ресімдеу және басып шығару;
- пошта байланысы қызметі ресми құжаттарды, пакеттерді, хаттарды, кітаптарды және т.б. басқа ұйымдарға жіберу.