02 тамыз 2024

«Құқық қорғау органы қызметкерінің қарым-қатынас психологиясы» тақырыбында семинар-тренинг

Student support center Shakarim University басшысы профессор Ш. С. Сатиева Семей қаласының Абай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне  «Құқық қорғау органы қызметкерінің қарым-қатынас психологиясы» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.Қатысушылар: офлайн 10, онлайн форматта  23-35 жас аралығындағы экономикалық тергеу қызметінің 40 офицері қатысты. Семинар барысында құқық қорғау қызметі қызметкерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, олардың қарым-қатынас процесін сауатты жүргізу және басқалармен өзара әрекеттесу мақсатында оның кәсіби қарым-қатынасының негізгі психологиялық сипаттамаларын зерттеу жағдайлары талданды.