ШӘКӘРІМ МУЗЕЙІ -ТАРИХ ПЕН ТАҒЫЛЫМ ОРДАСЫ

16 ноябрь 2024музей

  Биыл 90 жылдық мерейтойын атап өтіп отырған Shakarim University өзінің бай тарихи мұрасымен және қазақтың ұлы ойшылы, ақын, ағартушы Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығының әсерімен қалыптасқан рухани құндылықтарымен мақтанады. 16 қараша күні Shakarim University-де  Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығына арналған музей ашылды. Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан...

Подробнее

«СЕМЕЙ — БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ОРДАСЫ»

15 ноябрь 2024көрме

Shakarim University-де осындай атаумен университеттің мерейтойына арналған көрме ұйымдастырылды. Көрме Семей қаласының бай тарихи және ғылыми мұрасын, сондай-ақ оның Қазақстан ғылымы, мәдениеті және білімінің дамуына қосқан зор үлесін айқындауға бағытталған. Көрме экспозициясы бірнеше маңызды тақырыптық бөлімдерді қамтыды. Олар ұлттық сананы қалыптастыруға және Қазақстанның ғылыми прогресіне үлес қосқан көрнекті тарихи тұлғаларға...

Подробнее

АНАТОЛИЙ ДАВЫДОВИЧ ФРЕЗОРГЕРДІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

15 ноябрь 2024поздравление

Біздің абыройымыз, басты байлығымыз – ол педагог, ғалым, ардагер ұстаздар. Олар –біздің университеттің іргетасы, негізгі тірегі.   90 жылдық тарихы бар Шәкәрім университетінде қаншама ұстаздар мен ғалымдар шəкірт тəрбиелеп, өз ісінің маманы болды, өз қолтаңбаларын қалдырып, университеттің өркендеуіне, оның мерейін тасытып, абыройын асқақтатуға зор үлес қосты. Сол азаматтардың бірі, Семей ет...

Подробнее

Ғасырлар тоғысындағы Shakarim University. 90 жылдық мерейтой. Сабақтастық. Өзгерістер

15 ноябрь 2024шәкәрім университеті

15 қарашада Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театрында Shakarim University-дің 90 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шара түйінделді. Түпкі мақсат – өткенді қастерлеу, болашаққа бағдар жасау. Академиялық және ғылыми қауымдастық өкілдерін, құрметті қонақтар мен ресми тұлғалардың басын қосқан ауқымды іс-шарада университеттің білім беру, ғылым және мәдениет салаларына қосқан елеулі үлесі атап өтілді, сондай-ақ,...

Подробнее

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

15 ноябрь 2024шәкәрім-90

15 қараша күні Shakarim University-дің 90 жылдығына арналған іс-шараларадың бірі білім, ғылым және инновация саласындағы өзекті мәселелер мен жетістіктерді талқылап, университеттің ғылыми әлеуетін нығайтуды және халықаралық ынтымақтастықты дамытуды көздеген «Шәкәрім оқулары – 2024» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болды.   Конференцияны ашқан  Shakarim University ректоры Думан Орынбеков университеттің тарихы терең іргелі оқу...

Подробнее

Shakarim University – Кемел келешекке арналған білім!

15 ноябрь 2024co-working

15 қарашада Shakarim University тұрақты бастамалар мен кәсіпкерлік жобаларды қолдаудың жаңа кеңістігін – Жоғары бизнес мектебі жанындағы Тұрақты даму Co-working орталығын ашты. Қазақстанның Ұлттық валютасы күнінде ашылған  коворкинг орталығының демеушісі – Қазақстандағы ең ірі банк - «Қазақстан Халық Банкі» АҚ. Жаңа орталық студенттер, оқытушылар және бизнес өкілдері үшін инновациялық шешімдерді ілгерілетіп,...

Подробнее

ПАНИН. УНИВЕРСИТЕТ ТАРИХЫНДА ҚАЛҒАН ЕСІМ

15 ноябрь 2024шәкәрім

Шәкәрім университетінің 90 жылдық мерейтойы аясында көрнекті ғалым, профессор, биология ғылымдарының докторы, академик Михаил Семенович Панин атындағы дәрісхана ашылды. Бұл профессор Паниннің ғылым мен білімнің дамуына, сондай-ақ Қазақстанның экологиялық байлығын сақтауға қосқан үлесіне берілген баға ретінде университет тарихындағы маңызды сәттердің бірі. Саналы ғұмырын Шәкәрім университетіне арнаған Михаил Семенович Панин ассистенттіктен...

Подробнее

САБАҚТАСТЫҚ НЫШАНЫ: ҰЛЫ ОЙШЫЛҒА ҚҰРМЕТ

15 ноябрь 2024шәкәрім университеті-90жыл

Shakarim University-дің 90 жылдық мерейтойы  Шәкәрім ескерткішіне гүл қоюдан бастау алды. Гүл қою рәсіміне академиялық қауымдастық өкілдері,университет басшылығы,  өңіріміздің зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты. Олар Шәкәрім қалдырған рухани құндылықтардың маңыздылығын ерекше атап өтті. Қазақтың ұлы ойшылы, ағартушысы Шәкәрімнің ескерткішіне гүл шоғын қою – оның қазақ мәдениеті мен ағарту...

Подробнее

ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ДӘРІС

14 ноябрь 2024меморандум

2024 жылдың 14 қарашасында Шәкәрім университетінде ҚР Президентінің жанындағы «ҚР Ұлттық ғылым академиясы» КеАҚ Өскемен қаласы филиалының басшысы Бауыржан Қорабайұлы  Рахадиловтың «Тұрақты өңірлерді құру: өңірлік ғылымның жетістіктері мен мүмкіндіктері» тақырыбында дәрісі өтті. Баяндамадағы түйінді ойлар өңірлік ғылымның маңызы мен практикалық үлесі туралы  мәселелерді қамтыды.  Кадрларды даярлау мәселелерінде де, заманауи жоғары...

Подробнее

SHAKARIM UNIVERSITY-дегі АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

14 ноябрь 2024талапкер

14 қараша күні Shakarim University «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» іс-шарасын өткізді. Бұл іс-шара Абай облысындағы мектеп түлектері, олардың ата-аналары мен болашақ талапкерлер үшін ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі спикерлері ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев және кәсіби бағдарлау саласының білікті маманы Айдос Жұманазаров болды. Айдос Жұманазаров болашақ талапкерлер мен олардың ата-аналары...

Подробнее