Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі19 қыркүйек 2024форум

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫ ЕЛДЕРІНІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТТЕРІ РЕКТОРЛАРЫНЫҢ III ФОРУМЫНДА

Ағымдағы жылдың 19-20 қыркүйек күндері Қытай Халық Республикасының Шэньси провинциясының Ян лин қаласында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдерінің ауыл шаруашылығы университеттері ректорларының   III Форумы өтуде.

 

Форум жұмысы өңірдегі жоғары ауыл шаруашылығы білімінің кешенді дамуына және ШЫҰ елдеріндегі ауыл шаруашылығы білімінің ғылыми-техникалық прогресіне бірлесіп жәрдемдесуге бағытталған.

 

Шәкәрім университетінің делегациясын Басқарма мүшесі - Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Оралқанова Индира Адылқанқызы және Басқарма мүшесі - Интернационалдандыру және инновациялар жөніндегі проректор Дулатбай Ерасыл Алтайұлы бастап барды.

 

Проректор Дулатбай Ерасыл Алтайұлы форумда спикер ретінде «Түлектер желілерінің күші: университеттер арасындағы байланысты нығайту» тақырыбында баяндама жасайды.

 

Форум аясында Қазақстан-Қытай ауыл шаруашылығы ғылымы және білім беру орталығының ашылу салтанаты өтті.

 

Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Шәкәрім университеті және Солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университеті арасында Қазақстан-Қытай ауыл шаруашылығы ғылымы және білім беру орталығын бірлесіп құру туралы келісімге ағымдағы жылдың 3 шілдесінде Астана қаласында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің кездесуі нәтижесінде қол қойылды.

 

Бұл Келісім елдегі университеттердің ғылыми байланыстарын нығайту мен кеңейтудің негізі болып табылады.

 

Сонымен қатар, форум аясында Солтүстік-батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетінің құрылғанына 90 жыл толуына арналған ең үлкен рәсім өтеді.