«EDTALKS – 2022» ӨҢІРЛІК ФОРУМЫ: ЖАС ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ

28 апрель 2022форум

Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында педагогтің құзыреттілігін дамыту үздіксіз үдеріс ретінде қарастырылады. Педaгогикалық білімнің әр кезеңінде жаңа тәсілдерді сапалы игеру, сол сапаларды өз тәжірибесінде тиімді қолдану педагогтің өзіндік кәсіби біліктілігінің шыңдауына бағытталады. Шәкәрім түлектерін қолдау мақсатында апгрейд бағыты бойынша жұмыс басталды. Бұл бағытта үш деңгейлік жүйе жүзеге асырылуда. Осы ретте,...

Подробнее

«ШӘКӘРІМ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУ: ІЗДЕНІС ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫ

19 май 2022форум

«SHAKARIM FORUM: жоғары білімдегі жаңа көкжиектер» форумы аясында «Шәкәрім шығармаларын оқыту: ізденіс және тәжірибе» тақырыбындағы тәжірибе алаңы өтті. Тәжірибе алаңына Маңғыстау, Түркістан облыстары мен Алматы, Қарағанды, Семей қалаларының, Абай ауданының мектеп мұғалімдері қатысып, қазақ әдебиетін оқыту, Абай, Шәкәрім, М.Әуезов шығармаларын оқытудағы тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қоса, оқушылардың ғылыми ойлау дағдыларын дамытып,...

Подробнее

ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРІНІҢ АРТ-СТУДИЯСЫ АШЫЛДЫ

19 май 2022шәкәрім оқулары, форум

Бүгін Шәкәрім университетінде #ShakarimForum-ның аясында Нұрбұлан Өтепбаевтың өнер студиясы ашылды. Нұрбұлан Нұғманұлы – ҚР Суретшілер және дизайнерлер Одағының мүшесі, танымал қылқалам шебері. Оның шығармашылық еңбектері ҚР Әділет министрлігінің интеллектуалды және меншік комитетінде тіркелген. Көркемдеуші-суретші ретінде 15 кітаптың көркемдеуші авторы. Өнер студиясының негізгі мақсаты - балаларды бейнелеу өнерінің сауаттылығының негіздеріне үйрету...

Подробнее

АМАНТАЙ МҰҚАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ЗАМАНАУИ КАБИНЕТ

19 май 2022форум

Бүгін Шәкәрім университетінде #ShakarimForum аясында «Құрмет» орденінің иегері, университет түлегі Амантай Мұқатаев атындағы мамандандырылған қой шаруашылығы кабинетінің салтанатты ашылуы өтті. Ашылу рәсімі Семей зооветеринарлық институтының 70 жылдығына тұспа-тұс келіп отыр. Шараға университет басшылығы, Абай ауданының әкімдігі, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы, ЖОО білім алушылары және ауыл шаруашылығы...

Подробнее

Шәкәрім бейнесінің 3D үлгісі

20 май 2022шәкәрім оқулары, форум

SHAKARIM FORUM аясында Шәкәрім бейнесінің 3D үлгісінің тұсаукесері өтті. Шәкәрім бейнесі тарихи жазбалар негізінде жасалынған.Модельді құру кезінде AVATAR SDK бағдарламасы пайдаланылды. Жоба авторлары инженерлік-технологиялық факультетінің «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасының студенттері: Шыныбеков Айдар және Хужабай Қалдыбек Ринатұлы. Жетекшілері: аға оқытушылар Г.О.Садвакасова және Диас Қажымқанұлы. Сондай-ақ, «Құрылыс» білім беру бағдарламасының...

Подробнее

16 сентябрь 2022наука, форум

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АЛҒАШҚЫ «DARYN FEST» ФОРУМЫ ӨТТІ

07 апрель 2023мектеп оқушылары, форум, ынтымақтастық, пікір алмасу

Бүгін Шәкәрім университетінде «DARYN FEST» Абай облысы дарынды түлектерінің алғашқы форумы өтті. Бас қосуға 300-ге жуық «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» үміткерлері, спорт, өнер саласындағы жетістікке жеткен білім алушылар қатысты. Шара ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтау хатымен ашылды. Форумның басты мақсаты – Абай облысының зияткерлік элитасын...

Подробнее

УНИВЕРСИТЕТ БАСШЫСЫ ЖАС ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

27 сентябрь 2023кездесу, форум, жас ғалым

Бүгін Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдық мерейтойы аясында «SHAKARIM FORUM: тың идея, жаңа қадам» форумы шеңберінде Басқарма төрағасы Думан Орынбековтың жас ғалымдармен кездесуі өтті. Жас ғалымдардың шығармашылық жобалары мен бастамаларын қолдау және ғылыми идеяларын кеңейту мәселелерін талқылау мақсатында университетте «Жас ғалымдар» кеңесі қызмет атқарып келеді. Кеңес отырысында сөз сөйлеген университет басшысы...

Подробнее

«ШӘКӘРІМ ОҚУЛАРЫ – 2023» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

29 сентябрь 2023конференция, мерейтой, форум

Бүгін Шәкәрім университетінде Абай облысы әкімдігімен бірлесе «SHAKARIM FORUM: тың идея, жаңа қадам» форумы аясында ғұлама ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына арналған «Шәкәрім оқулары – 2023» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция жұмысына ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаев, ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым...

Подробнее

ЖИЫРМА МЫҢ СТУДЕНТТІ ТОҒЫСТЫРҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ: ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ, СЫМСЫЗ ЖЕЛІ МӘСЕЛЕСІ

04 июнь 2024форум, жастар, қаржы сауаттылық

Қазіргі уақытта қаржы пирамидаларын құруда әлеуметтік желілер мен мессенджерлер маңызды рөл атқарады. Қаржы пирамидаларымен күрес – мемлекет үшін басым бағыттардың бірі. Сондықтан қылмыскерлердің желісіне түсіп қалмау үшін қаржылық пирамиданың негізгі белгілерін білу қажет. Shakarim University «Қаржы пирамидаларын әлеуметтік желіде қалай анықтаймыз, заңды бұзбау жолдары және дроптар деген кім?» тақырыбындағы республикалық...

Подробнее

SHAKARIM UNIVERSITY ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫ ЕЛДЕРІНІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТТЕРІ РЕКТОРЛАРЫНЫҢ III ФОРУМЫНДА

19 сентябрь 2024форум

Ағымдағы жылдың 19-20 қыркүйек күндері Қытай Халық Республикасының Шэньси провинциясының Ян лин қаласында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдерінің ауыл шаруашылығы университеттері ректорларының   III Форумы өтуде.   Форум жұмысы өңірдегі жоғары ауыл шаруашылығы білімінің кешенді дамуына және ШЫҰ елдеріндегі ауыл шаруашылығы білімінің ғылыми-техникалық прогресіне бірлесіп жәрдемдесуге бағытталған.   Шәкәрім университетінің делегациясын Басқарма...

Подробнее

CONNECTED 2024: REIMAGINING THE FUTURE (Болашақты қайта қарау). Бірінші күн

17 октябрь 2024форум

17 қазан күні Болашақ Білім және ғылым тақырыбына арналған Халықаралық CONNECTED 2024 CONNECTED 2024: REIMAGINING THE FUTURE (болашақты қайта қарау)  іс-шарасының бірінші күні басталды.   17-ден астам мемлекеттің өкілдерін жинаған бұл іс-шара шын мәнінде халықаралық ауқымда өтуде. Үздік халықаралық университеттердің, білім беру орталықтарының басшылары, белгілі ғалымдар, экономикалық қоғамдастықтардың, бизнес-индустрияның өкілдері,...

Подробнее

CONNECTED 2024: REIMAGINING THE FUTURE (Болашақты түсіну)

18 октябрь 2024форум

CONNECTED 2024 халықаралық форумының екінші күні білім, ғылым және технологияның әлемдік көшбасшыларын, сондай-ақ инновациялар бойынша жетекші сарапшыларының басын қосты. Оқиғаның атауы — «Болашақты түсіну» - әлемдегі ғылым мен технологияның рөлін жаһандық қайта қарау қажеттілігін білдіреді.   Форум израильдік тарихшы және футуролог, адамзаттың болашағы туралы бестселлер авторы Юваль Ной Харари сияқты...

Подробнее

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ НЫҒАЙТУДА

30 октябрь 2024форум

2024 жылғы 25 қазанда Янлин демонстрациялық аймағында 31-ші Янлин ауыл шаруашылығы көрмесінің аясында Шанхай ынтымақтастық ұйымының қазіргі ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті.  Мұнда «Ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы – ақылды ауыл шаруашылығы және жасыл даму» тақырыбы талқыланды. Кездесуге Қазақстан, Ресей, Иран, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Пәкістан, Моңғолия, Камбоджа, Беларусь...

Подробнее

«АБАЙДЫҢ ТОЛЫҚ АДАМ ІЛІМІ: ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН ЗАМАНАУИ КӨЗҚАРАС»

23 май 2025форум

Бүгін  Шәкәрім университетінде  Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай «Абайдың толық адам ілімі: ұлттық құндылықтар мен заманауи көзқарас» Республикалық жастар форумы басталды.   Форумға еліміздің жоғары оқу орындарының басшылары мен  білім алушылары қатысуда.   Форум мақсаты: Абайдың «Толық адам» ілімін жастар арасында насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және заманауи көзқарастармен байланыстыру. Жастарды Абайды...

Подробнее

Ақерке Абылайханқызы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары: «ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ – ТЕК БІЛІМ ҒАНА ЕМЕС, ТӘРБИЕНІҢ ДЕ ҚАЙНАР КӨЗІ»

27 май 2025форум

  23–24 мамыр күндері Шәкәрім университетінің базасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен ұлы ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абайдың Толық адам ілімі: Ұлттық құндылықтар мен заманауи көзқарас» атты Республикалық жастар форумы өтті.     Шәкәрім университеті форум барысында оқылған терең мазмұнды, жан-жақты, маңызы зор  баяндамалар мен...

Подробнее

Думан Орынбеков: ««Толық адам» ілімі қоғам сұранысына және БҰҰ-ның «Тұрақты даму мақсаттарына» лайық мәдени кодты да, болашақтың бағдарын да айқындайды»

27 май 2025форум

Шәкәрім университетінде өткен «Абайдың Толық адам ілімі: Ұлттық құндылықтар мен заманауи көзқарас» Республикалық жастар форумы ректор Думан Орынбековтің мазмұнды баяндамасымен ашылды. Оның үндеуінде философия, білім және жауапкершілік біртұтас дамудың негізіне айналуы тиіс екені нақты айтылып, форумға тұтас бағыт берген тұжырым болды.     Ректор Абай жерінде негізі қаланып, Шәкәрім есімін...

Подробнее

Әзімхан Исабек, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің баспасөз хатшысы, абайтанушы, әуезовтанушы: «Абай отбасының өмірбаянын қалпына келтіру арқылы біз тарихты қайтарып қана қоймай, болашақпен диалогтың негізін жасаймыз»

27 май 2025форум

2024 жылғы 23–24 мамыр күндері Shakarim University базасында өткен «Абайдың Толық адам ілімі: Ұлттық құндылықтар мен заманауи көзқарас» атты Республикалық жастар форумында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің баспасөз хатшысы, абайтанушы, әуезовтанушы Әзімхан Исабектің   мазмұнды баяндамасы ерекше назар аудартты.     Ғалымның «Мұхтар Әуезов және қазіргі абайтанудың өзекті мәселелері» атты...

Подробнее

Ақмарал Смағұлова, Shakarim University «Абай және ұлттық руханият» ҒЗО жетекшісі, ф.ғ.к.: «Толық адам» ілімі – XXI ғасырдағы білім берудің жаңа парадигмасы

27 май 2025форум

Абайдың «Толық адам» ілімі – өткеннің даналығы ғана емес, ең алдымен қазіргі күн мен болашақтың тұжырымдамалық негізі. Бұл туралы Шәкәрім университетіндегі «Абай және ұлттық руханият» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты Ақмарал Смағұлова 23–24 мамыр күндері Шәкәрім университетінде өткен Республикалық жастар форумында мәлімдеді.     «ХХІ ғасыр білім беру жүйесіндегі...

Подробнее

Қанат Оспанов, Астана қаласы бойынша Сот әкімшілігі департаменті басшысының орынбасары: «Мемлекеттік қызметтің құндылығын түсіну маңызды»

27 май 2025форум

Құндылық. Кемелдік. Қызмет ету.  Баяндамасын дәл осы үш сөзбен бастаған Астана қаласы бойынша Сот әкімшілігі департаменті басшысының орынбасары Қанат Оспанов мемлекеттік қызметтің негізі тек кәсіби дағдылармен ғана емес, адамның ішкі ұстанымымен, этикасымен, жауапкершілік ала білу қабілетімен айқындалуы тиіс екенін атап өтті.     Назар аударарлық жоба – «Елордаға жол» пилоттық...

Подробнее